Іздеу

Дәдем ата қорымы

Шолақаңқаты ауылдық округі аумағындағы әулие Жұмағазы хазірет қауымында араб әрпімен жазылған бірнеше құлпытас сақталған. Құлпытастарды суретке түсірген және аударған Қазбек Құттымұратұлы.

Ру: Байбақты
Тайпа: Шолан
Қайтыс болған адамның аты-жөні: Ерсары батыр
Қайтқан жылы: 1812
Тас қойған адамның аты-жөні: баласы Мұқас

Жұмағазы Ерсары батыр Copy

  1. Байбақты Ерсары
  2. Биктай ұғлы Шолан тайфасы
  3. офат болды 1812
  4. йылда ... йашында. Бұны
  5. қылдырды баласы Мұқас мырза

Ру: Байұлы
Тайпа: Адай
Қайтыс болған адамның аты-жөні: Дүйсен Ғали

Жумагазы 5 2 Copy

Әулие күмбезінің сыртында, жалпы қорымда орнатылған шағын (40 см) құлпытас мәтіні:

  1. (жоғары қараған жарты ай кескіні)
  2. Кулли мән ғалайһа
  3. фәән, әл-мархум әл
  4. мағфур Байұғлы
  5. ұруғы адай
  6. тайфасы Елқо-
  7. нда аймағы Дү
  8. йсен Ғали
  9. ...(сынып қалған, жарты бөлігі жоқ)

Қайтыс болған адамның аты-жөні: Жұмағазы қызы Халила

Жумагазы 4 Copy

Әулие күмбезінің астында, бірақ тас қоршаудың сыртында, қабірдің артында биіктігі 70 см болатын шағын құлпытас тікесінен тұр.

Мәтіні:

  1. (жоғары қараған жарты ай кескіні)
  2. Әл-мархум
  3. Жұмағазы
  4. бинт (арабша «қызы» деген мағына берсе керек – Қ.Қ.)
  5. Халила
  6. офат
  7. ...

Ру: Тама
Қайтыс болған адамның аты-жөні: Жұмағазы қызы Умм-Гүлсім
Қайтқан жылы: 1872

Жумагазы 3 2 Copy

Әулие қабірін қоршаған тастардың үстінде құлап жатқан шағын құлпытас. Мұнда былай делінген:

  1. (жоғары қараған жарты ай кескіні)
  2. Әл-мархум
  3. Жұмағазы
  4. бинт (арабша «қызы» деген мағына берсе керек – Қ.Қ.)
  5. Умм-Гүлсім
  6. офат
  7. 1872 с
  8. 11
  9. ...

Ру: Тама
Тайпа: Төлек

Жумагазы 2 2 Copy

№2 (әулиенің өз белгісі):

  1. (Туған ай кескіні)
  2. Күллү мән аләйhәә фәән (Құран кәрімнің Рахман сүресінің 26 аяты – «Күллі жаратылыс уақытша, қалатын Алла тағала ғана» – Қ.Қ.)
  3. ...(осы және төмендегі үш жолдың кейбір әріптері ғана көрінеді, оқылмайды)
  4. ...
  5. ...
  6. ...
  7. Батыс Қазақстан
  8. әулиесі бес рет
  9. қажыға барған ... ұлы Дәдем
  10. руы таманың Төлегі
  11. 1774-1894

Жумагазы 1 3 Copy

  1. Күллү мән аләйhәә фәән (Құран кәрімнің Рахман сүресінің 26 аяты – «Күллі жаратылыс уақытша, қалатын Алла тағала ғана» – Қ.Қ.)
  2. Әл-мағфур, әл-мархум (мархұм болған, кешірілген – Қ.Қ.)
  3. Тама руы Төлек тайпасы
  4. Айсұлу Тәнке жамағаты (әйелі деген мағынада – Қ.Қ.) офат 78 йашынде
  5. үшбу тас бинә қылды («осы тасты орнатты» деген мағынада – Қ.Қ.) ұлы хәзірет ишан ... Жұмағазы
  6. 1875-нчі йылда
  7. (қос әліп – тама руының таңбасы)

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.