Іздеу

Қостәйке қорымы

Бұл жерде көне екі тәйке мейіттен басталғандықтан осылай аталған. Ауданнан барлығы 39 шақырым. Жол бастап барған Қособа ауылының имамы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шарифуллин Төлеу қарт. Сол ауылдың тұрғыны 1941 жылы туған. Жалпы қорымда Байбақты руының Шолан Түкіш бөлімдері жатыр екен. Ішінде ақберлілер де бар. Ұраны Дәуқара.

қостәйке2 Copy

 

Қисайған биік құлпытас төрт қырлы, оюлы басы дөңгелек келген. Байбақты руының таңбасы анық көрінеді. Көк тасын Индерден әкелген деп айтады. Биіктігі: 255см, ені 30см, қыры  31см.

қостәйке1 Copy

 

Биіктігі:  205см, ені 30см, қыры  29см.

Бұл жерде аңыз бойынша Омармен болыстыққа таласқан, кейін орыстың қолынан қаза тапқан адам жатыр деді. Атын еске түсіре алмады, тек ақшейіт болған  адам туралы деректі айта алды. (Әжігерей Есеналин болуы мүмкін)

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.