Іздеу

Мақарша қорымы

Жетікөл ауылдық округінде жергілікті жұрт ежелден емдік мақсатқа пайдаланатын емдік-шипалы Айдар тұзы орналасқан. Ол округ орталығынан батысқа қарай 12 шақырым жерде. Осы тұздың күнбатыс бетінде 200 метрдей жерде ескі қорым орны – ойлы-қырлы үлкен төбелер байқалады. Бұл жердің бір кездері үлкен қорым болғаны құлап жатқан қос құлпытастан ғана байқалатындай.

«Бұл өңір ежелден байбақты Сырым Датұлы ұрпақтарының қонысы саналады. Осы арадан екі шақырым жерде Ақкөл атты малшы қыстағы бар. Совхоз кезінде малшы қонысы болған Мақарша деген жер де алыс емес» дейді жымпитылық журналист, ақын Махмет Қажиахметов.

Құлап жатқан құлпытастарды күн мен желдің әсерінен әбден мүжіліп, жазуы оқығысыз хәлге түскен. Әсіресе үшке бөлініп сынып түскен құлпытас қатты тозған. Екінші тұтас құлпытасты аударып қарағанымызда, жер астындағы қырының жазуы анық сақталғаны көрінді.

Ру: Байбақты
Тайпа: Шолан
Бөлім: Есенбай
Қайтыс болған адамның аты-жөні: Дұқан немересі Мақарша баласы

мақарша1.1 Copy

мақарша1 Copy

  1. Байбақты
  2. руғы Шолан
  3. тайфесі Есенбай
  4. бөлімі Дұқан(?!) немересі
  5. Мақарша баласы
  6. (ру таңбасы)

Құлпытастың келесі бетіндегі мәтіннің жалғасы оқылмады.

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.