Мұнайдар Балмолда

Ұсынушының толық аты-жөні: Мұнайдар Балмолда
Мекенжайы: Орал қаласы
Деректер кім арқылы жетті: Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Жаңақалада Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім, Қырқопа (Кармановка) ауылына барар жолда шағын көпір бар. Сол тұсқа аштық жылдары көп адамды, бала-шағаны жерлепті. Алайда ол ара судың бірде тасып, бірде басылып тұратын өзек болғандықтан, сүйектерді су шайып әкеткен болар деп айтқан. Ал жалпы сол тұс аштық жылдары өлгендер жерленген жер екен.

Мұнайдар Балмолда

Ұсынушының толық аты-жөні: Мұнайдар Балмолда
Мекенжайы: Орал қаласы
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Естіген құлақта жазық жоқ. Оралдағы Халық шығармашылығы орталығы орналасқан орында болу керек, сол жердің жертөлесінде, 20 ғасырда саяси тұтқындарды жазалаған, атқан екен деген бір әңгімені естігенім бар. Ал бұрынғы Советский көшесінде, қазіргі Назарбаев атындағы даңғылдың бойында НКВД - ның кеңсесі де болғанын білеміз. "Он төрт" романын жазу барысында елден естігенім және Ғ. Әнесовтерді НКВД кеңсесіне апарып, жауаптағаны белгілі. Бәлкім сондай оғланды, 19 жастағы Ғұбайдолланы 'Қырық тұрба" түрмесінде болмаса, сол орталықтағы жерге апарып атқан болар. Бұл ғимараттар бір-бірінен қашық емес, анықтау керек. Құрылысын жаңарту барысында құрылысшылар ештеңе көрмеді ме екен, бәлкім адам сүйектері шыққан шығар, тексерсе тарихи орын бір хабарын беріп қалар.