Нуртазин Асет Нуртазиевич

Аты-жөні: Нуртазин Асет Нуртазиевич
Туған жері: Сырым ауданы
Категория: Соғыс тұтқыны

 50. Нуртазин Асет Нуртазиевич. Туған жылы: 1901. Туған жері: Орал облысы Сарой ауылы. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Соңғы қызмет орны: 4-атқыштар полкі. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тұтқынға түскен мерзімі: 08.07.1942. Тұтқынға түскен жері: Алексеевка. Лагерь: шталаг Лагерьдегі жеке нөмірі: 20835. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 29.10.1942. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Сарой ауылы, Нуртазина Айшакир. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977521. Іс: 982. Парақ: 75].

1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 352-бетінде «Нұртазин Есет 1908 ж. Сарой ауыл с-де туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. желтоқсанда хабарсыз кетті» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Нұртазин Есет соғыста жау қолында тұтқында қайтыс болған. Оның архив құжатында және кітапта жазылған туған жылында айырмашылық бар. Есімі қате жазылған.

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.