Айшуақов Сүйінішқали

Аты-жөні: Айшуақов Сүйінішқали
Туған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылы
Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылы

37. Айшуақов Сүйінішқали (1878-1937) – Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Шілік ауылында туған. Ірі бай, хазіреттің баласы. Өзі 4 мәрте Мекке-Мединеге қажыға барған. 1929 жылы бай ретінде даусы алынған, өзі сот астында болған. Белсенді діндәр. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.