Мәдени дипломатия халықаралық қаты­нас­тарда күн сайын «суық соғыс» кезеңінде елдердің саяси насихаттау әдістерінен немесе елдердің туризмді жылжыту бағдар­ламалары әдістерінен бөлек жолымен кү­шейе түседі. Түркі әлемінің әдебиеті – дүниедегі энергиясы күшті әдебиеттердің бірі. Оған дәлел – Айт­матов сияқты дүние жүзіне танымал жазушыларымыздың болуы. Түркі дүниесі әдебиетінің адамзатқа айтары бар. Біздің жазушылар дүниежүзілік мәселелерге қатысты пікір білдіріп, өз мәдениетіміз бен тарихымыздан жеткен алтын қазынаны таратып жатыр. Ал қазақ әдебиеті – түркі дүниесіндегі ең жас әдебиеттердің бірі. Бір жағынан қазақ әдебиетінің Орхон Енисейден басталатын өмірі бар, ол барлық түркі әдебиетіне ортақ. Салыстырмалы түрде жас әдебиетте қасаң дәс­түрлерден ада болып, болашаққа ашық көз­бен қарайтын мүмкіндік бар.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/175517-yakub-oemeroghly-energiyasy-kushti-adebiet
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!