2013 жыл

0
296

Жыл бойына «Алтын ханшайымның» ғылыми скульптуралық келбетін қайта қалпына келтіру (реконструкциясын) жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмысқа Жапония, Германия, Ресей және Қазақстан ғалымдарының қатысуымен барлық қажетті ғылыми зерттеулер жүргізіліп, осы кешен бойынша сараптамалар жасалды. Жасалған сараптамалық қорытындылар бойынша жерленім біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысындағы Батыс Қазақстанның савромат-сармат кезеңіне жатады. Кейбір жәдігерлер сирек ұшырайтын қайталанбас сипатта. Бұлар бас киімнің ұшын үшкір сүйір етіп тұратын элементі және көшпенділер мен парсылардың әскери соғыс қимылдарынан көрніс бейнеленген тарақ, бұлардан басқа ат әбзелдері. Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы «Остров Крым» ЖШС-гімен бірлесе отырып жерленген әйел адамның барлық табылған артефакттар негізінде, жерленген әйелдің сол кезеңдегі скульптуралық бейнесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бұл композициялар қазіргі уақытта Астанадағы Ұлттық музейге және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды;