2016 жыл

0
516

Ақжайық, Зеленов, Сырым, Қаратөбе аудандары территориясында археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Теректі ауданындағы «Пойма» оба кешенінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде қола және ерте темір дәуірі кезеңдеріне жататын жерленім орындары анықталды, одан түрлі қыштан жасалған бұйымдар, остеологиялық материалдар, қоладан және темірден жасалған артефакттер алынды. Алғашқы рет «Қырықоба» патша оба кешеніндегі ұзынша келген обада археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, түрлі жануарлар сүйектері табылды. Бұл ұзынша келген обада археологиялық зерттеу жұмыстары келесі жылдары жалғаспақ; Тақсай және Тасқала оба кешендерінде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде қола және ерте темір кезеңіне жататын жерленімдер анықталды.