БҚО-ның төрт ауданындағы көне 185 эпиграфиялық ескерткіш оқылды

0
622

Археологиялық барлау мен зерттеулер нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының Теректі, Зеленов, Қаратөбе, Казталов аудандарының аумағындағы эпиграфиялық ескерткіш (құлпытастар) анықталып, фотосуретке түсірілді.

 Қаратөбе ауданы бойынша құлпытастарды зерттеу мақсатында олардың координаттарын анықтау үшін аудан аумағында іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-cапар барысында Орал-Қалдығайты-Батпақкөл-Жанбақ-Мәңгүр-Дастан- Тәріскелер қорымы-Шүре-Қарақамыс-Ақтайсай-Қаратөбе-Ханкөл маршруты бойынша аудан маңындағы Талтоғай, Едіге бейіттерін, Ақтайсай, Алакөл елді мекендерінің және Саралжын, Қалдығайты елді мекендерінің қорымдары фотосуретке түсірілді.

Фотосуретке түсірілгендердің жалпы саны – 185 құлпытас.  Қаратөбе ауданы бойынша 19 қорымдағы 185 құлпытас фотосуреттері негізінде оқылды, олардың 137-сі оқуға жарамды, 47 құлпытастың жазуы өшкен және біреуінде фотосуреттің сапасы нашар болғандықтан оқылмады.

Казталовка ауданы бойынша 33 құлпытас,  олардың фотосуреттері негізінде оқылды. Бұл жерде Нұралы хан ұрпақтарының құлпытастары бар. Құлпытастардың 25-і оқуға жарамды, 4 құлпытастатың жазуы өшкен, оқуға жарамсыз. 4 құлпытас бетін толықтай мүк басып кеткендіктен оқылмады, тазалап оқуға болады.

Зеленов ауданы бойынша 5 құлпытас фотосуреттер негізінде оқылды, олардың екеуі оқуға жарамды. 3 құлпытастың жазуы өшкендіктен оқылмады.

Теректі ауданы бойынша 23 қорымдағы 164 құлпытас фотосуреттері негізінде оқылды. Құлпытастардың 120-сы оқуға жарамды. 43 құлпытастың жазуы өшкендіктен, 1 құлпытастағы (Хан қорымы) фотосуреттің сапасы нашар болғандықтан оқылған жоқ.

Зеленов ауданынан табылған құлпытастар

Ақбас қорымы

                                        

  1. Фи
  2. 1914- інчі йылда
  3. хожа Айтмұхамат
  4. ұғлы………

 

  1. Аллаһу ижғал
  2. қызылқұрт тайфысы
  3. ерші Тәжі Сейдқай
  4. баласы офат 54 йашында
  5. 1913-інчі йылда бу ташны қойды жамағаты Зәбира

Казталовка ауданынан табылған құлпытастар

               

  1. кулла мән ғалайһа фан уа иабқа
  2. уажиһа раббака зу әлжалал уа әликрам
  3. Дешті қыпчақ ханы Нұрғали хан
  4. ұғлы Шығай сұлтанның небересі
  5. Сұлтанкерей Хансұлтан ұғлы
  6. дар фанадан дар бақайа рихләт йылды
  7. қалу инна Лиллаһ уа инна иләйһи ражун 57 йашында
  8. 1871 сана бу ташны қылдырды інісі
  9. сұлтан Шарифаддин

Аллаһум ғафар Аллаһ уа рахим…..

 

Қаратөбе  ауданынан табылған құлпытастар

Ақмола қорымы

  1. Кенжеғали Түгелбай ұғлыофат болды 72 иашында алыб қойды інісі Артағали мырза 1914-інші иылда.

Теректі ауданынан табылған құлпытастар

Агрофирма Ақсай қорымы

                                            

  1. әлмархум әлмағфур кердері руғы
  2. берлі аймағының Санат
  3. Желдібай баласы офат 55 йашында 1905 йылда
  4. бу ташны…….. баласы
  5. Айтжан…… илан
  6. ……..