Қызметкерлер

1. Сафуллин Жантас Набиоллаұлы – БҚО тарих және археология орталығының директоры
1982 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы мектепті бітірген соң, Қазақстан гуманитарлық заң университетінің заңгер және Батыс Қазақстан «Евразия» менеджмент және тілдер институтының қаржы мамандықтары бойынша үздік бітірген.
Өзінің еңбек жолын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультетінде азаматтық құқықтар кафедрасында мұғалім болудан бастады. 2003 жылдың қараша айынан бастап еңбек жолы Батыс Қазақстандағы ең үлкен медиа-холдингі «Жайық Пресс» ЖШС-мен өте тығыз байланысты. Бұл жерде аға менеджерден бастап барлық кәсіби және шығармашылық шыңдалу сатыларынан өтті. 2005 жылы «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының қаржы-экономикалық мәселелері бойынша орынбасары болса, ал 2010 жылдың қазан айынан бастап осы мекеменің бас директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда орталық директоры қызметін атқаруда.

Мақалалары

2. Кожагелдина Нуржанат Сабырқызы – БҚО тарих және археология орталығының бас есепшісі
Батыс Қазақстан облысы , Сырым ауданы , Қособа ауылында 1989 жылы 27 тамыз айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан Жәңгірхан атындағы аграрлық-техникалық университетін 2006-2010 жылдары аралығында тәмәмдаған. Білімі жоғары. Мамандығы экономист. Жалпы жұмыс өтілі 6 жылдан астам. Мәдениет саласында және осы тарих және археология орталығында 2015 жылдан бастап бас есепші қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

Мақалалары

3. Сейталиева Ғанижамал Амангелдіқызы – БҚО тарих және археология орталығының есепші-кассирі
Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданында 1954 жылы 04 наурыз айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық университетін 1971-1976 жылдары аралығында тәмәмдаған. Білімі жоғары. Мамандығы экономист. Жалпы жұмыс өтілі 43- жылдан астам. 2018-жылдан бастап, қазіргі таңға дейін орталықта есепші кассир қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

Мақалалары

4. Тукешева Назгүл Мұқатайқызы – БҚО тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында 1976 жылы 30 қаңтар айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетін 1994-1998 жылдары аралығында тәмәмдаған. Білімі жоғары. Тарих пәнінің мұғалімі. Жалпы жұмыс өтілі 21 жылдан астам. 2017 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды. Мәдениет саласында және осы тарих және археология орталығында 2016 жылдан бастап ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

Мақалалары

5. Лукпанова Яна Амангелдіқызы – БҚО тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері

Батыс Қазақстан облысы, Жанибек ауданы, Талов ауылында 1975 жылы 14 қаңтар айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетін 1992-1996 жылдары аралығында тәмәмдаған. Білімі жоғары. Тарих пәнінің мұғалімі. Жалпы жұмыс өтілі 23- жылдан астам. Мәдениет саласында және осы тарих және археология орталығында 2005 жылдан бастап ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы. «Ерең еңбегі үшін» медальінің иесі.

Мақалалары

6. Ташай Қайсар Қазығұлұлы – БҚО тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында 1971 жылы 03 маусым айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетін 1990-1998 жылдары аралығында тәмәмдаған. Білімі жоғары. Тарих пәнінің мұғалімі. Жалпы жұмыс өтілі 30- жылдан астам. Мәдениет саласында және осы тарих және археология орталығында 2016 жылдан бастап ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

Мақалалары

7. Исакова Айсана Серікқызы – БҚО тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылында 1990 жылы 08 қазан айында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін 2008-2012 жылдары аралығында «Мәдениеттану» мамандығы бойынша бакалавриат және 2012-2014 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2014-жылдан бастап, қазіргі таңға дейін орталықта ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады. Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.

Мақалалары

8. Силин Артем Сергеевич – БҚО тарих және археология орталығының зертханашысы
Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы, Пойма ауылында 1994 жылы 20 қараша айында дүниеге келген. Батыс Қазақстан Махамбет Өтемісұлы атындағы университетін 2013-2017 жылдары аралығында тәмәмдаған.Білімі жоғары.Гуманитарлық ғылымдардың магистрі.Тарих пәнінің мұғалімі. Жалпы жұмыс өтілі 1- жылдан астам. 2018-жылдан бастап, қазіргі таңға дейін орталықта зертханашы қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

Мақалалары

9. Султанбеков Бауыржан Орынбасарұлы – БҚО тарих және археология орталығының көлік жүргізушісі

Мақалалары

10. Насимолла Мейрамгул Наурызбайқызы – БҚО тарих және археология орталығының кадр инспекторы.

Мақалалары