Уфа қаласына іс-сапар

0
406

2018 жылы 01-05 қазан күндері аралығында Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы Ұлттық архивке Батыс Қазақстан облысының тұрғындары қамтылған мешіттің метрикалық кітаптарын анықтау мақсатында орталық директоры Ж.Сафуллин іс-сапарда болды. Зерттеу нәтижесінде 5 метрикалық журналдар  табылды және электронды көшірме жасалды,  жалпы барлығы 9736 сканерленген архивтік бетті құрайды, соның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өлке тарихы бойынша 25 құжат.  Араб тілінің маманымен жасалған келісім-шартқа сәйкес, тарихи деректердегі мәтіндерді қазіргі қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп, сирек кездесетін қолжазбалар қорын құру үшін оларды басып шығару басталды.