Бегалиев Биғали
- Аудан: Жаңақала ауданы
- Қатысушының аты-жөні: Бегалиев Биғали (1902 ж.т.)
- Айыпталған бабы: 58-2, 58-8, 58-10 статьялары УК РСФСР
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы ақталған
- Көтеріліс туралы: Жаңақала көтерілісі: 1930 жылдың сәуірі-1931 жылдың көктемі аралығында Жаңақала өңіріндегі халықтың күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтары болды. Жаңақала көтерілісінің себептері -1930 жылы қыс пен көктемде Жаңақала ауданында ет дайындау жоспарының шектен тыс, өрескел бұзылуы; -Егін егетін солтүстік ауылдарда барлық егіс жерлері колхоз меншігінде болды және ол жерлерден өнім өте аз алынды; -Астық тапсыру жоспарын орындау мақсатында жергілікті өкімет органдары егін екпейтін ауылдарға қыстың ішінде әр пұт астық үшін бір ірі қара мал тапсыруды міндеттесе, оның ішінде ауқатты, бай адамдарға бұл міндетті қысқа мерзімде орындау тапсырылды; -Өнімді тапсырғандарға уәде етілген азық-түліктер берілмеген, ақша кейбір жерлерде 1932 жылдың наурызына дейін төленбеген; -Ұжымдастыру барысында халықтың малы тартып алынды. -Көтеріліске қатынасқан 360 адам тұтқындалған; -Тергеу барысында 160 адам қылмысы анықталмай босатылған; -Ұзаққа созылған тергеу барысында 71 адам құрбан болған; -ОГПУ жанындағы үштіктің қаулысымен 1932 ж
- Дереккөз: 1.Рысбеков Т., Қарабалин Ғ. «Мала ашуы – жан ашуы» Батыс Қазақстан облысындағы күштеп ұжымдастыруға қарсы бағытталған 1930-1931 жж.көтерілістер//Орал өңірі, 1995 ж., 30 қыркүйек; 2. Рысбеков Т., Қарабалин Ғ. «Жаңақала көтерілісіне кімдер қатысты» //Орал өңірі, 1996 ж., 3 ақпан; 3. БҚО ІІД архиві 19-қор, П-3204 іс, 1-251 пп.