Азон Шаймарданов

Ұсынушының толық аты-жөні: Азон Шаймарданов
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Шаймарданов Нұрмұхан Сабыр ұлы. Уразалиева Тулегали Қанзира анамызға нагашыдар бай болған. Мен кім ге хабар жіберу керек. Шаймарданов Азон Нұрмұхан ұлы 87789156464 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Болат Есбек

Ұсынушының толық аты-жөні: Болат Есбек
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Салематсыз ба? менің атам Есбек,әкесі Өтебай немесе Қанатай 1929-30 жылдары ма, әлде кейінрек пе конпескеге ұшырап, жер аударылған. Айдауға кетіп бара жатқан кезінде Тасқалада пойыздың астына түсіп мерт болған. Негізі Жаңғала ауданы немесе Индер ауданына жата ма екен Толыбай тас деген жерде мекендеген сияқты беріш руының көтей-шұбар деген екі рулы елі. Осы атамның дерегі табылар ма екен.

Жумагыз Нажим

Ұсынушының толық аты-жөні: Жумагыз Нажим
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Наша ветка -Артыгали (17- ый сын Нуралыхана)-Жумагали-Кыдырали-три сына-Сарсенгали,Нажим ,Салык. Нажим Кайыргалиев-мой прадед 1867 гр.Они проживали в Казталовке. Резко откочевали в пески Нарына.во времена репрессий.Сейчас потомки Сарсенгали проживают в Атырау, потомки Салыка в Астраханской обл.Мой прадед был судим в возврасте 70 лет, посажен в тюрьму ,не выдержал ,умер и похоронен в Атырау на ногайском кладбище,ко внук ,мой отец погиб от несчастного случая на работе 28 лет.где похоронен прадед и его родственников я нашла только в 2010 году.вот так прошлась по нашей семье история.

Акмарал Кусаинова

Ұсынушының толық аты-жөні: Акмарал Кусаинова
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Нағашы әжем марқұм Рабиға Жаңақала ауданынан конфискацияға іліккен Қалмырза деген әкесінің Астраханға көшіп кеткені туралы айтушы еді. Ұлдарын өзімен бірге алып кеткен. Қыздарының жасын өзгертіп, тұрмысқа беріп кеткен екен. 80 жылдары көзі тірісінде еліне барып, әке-шешесінің көміп кеткен алтындарын іздеп барған. Бірақ таппады.

Аманкос Абилхаиров

Ұсынушының толық аты-жөні: Аманкос Абилхаиров
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Биздинде улкен атамыз Беисен деген киси Актобе обл. Байганин ауданында болыс болган екен. Сол кезде дуние мал мулкин тартып алып озин сибирге айдап жиберген. Сибирге жибергесин Оли тирисин, жаткан жеринен еш хабар жок.

Гүлжихан Жазықбаева

Ұсынушының толық аты-жөні: Гүлжихан Жазықбаева
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Игі істеріңіз жалғасын тапсын. Менің де бір сұрағым бар. Әкеміздің атасы Айтқожа деген кезінде жер аударылған екен. Өзі би, молда, оқымысты кісі болса керек. Қаратөбе жерінен, ұмытпасам, естігенім бойынша Сабынкөл деген ауыл болған. Әкеміз өмірден ерте кетіп, көп нәрседен хабарсыз қалдық. Өз әкесін де (біздің атамыз) есін білер-білмес кезінде бір алагеуім уақытта үйден әкетіп, содан қайтып оралмапты деп естігенбіз. Сол бір репрессия кезі болуы керек шамасы. Атамыздың атын да нақты білмейміз. Оразалы болуы мүмкін. Кезінде әжеміз кесірі балаға тиеді деп айтқызбаған. Әкеміздің де, біздің де фамилиямыз Айтқожин болып қала беріпті. Осы жайында сіздерден білуге болады ма? Тегімізді нақтылау көптен бергі көкейде жүрген жай еді. Руымыз Ысықтан тараған, Жәдікбайдың Тінібегі. Мүмкін бір дерегі шығып қалар. Айтқожин Жоныс әкесінің аты-жөнін нақты білмейміз. Үйде өз қолымен бір тасалау жерге Уразалин деп қол қойып , жазып кетіпті, бала кезімде көргенім есімде. Оразалы ма деп ойлаймын өзім. Айтқожа әкесі емес, атасы деп отыратын шешеміз. Ол да өз кезінде айдалып кетіпті. Оқыған, молда , би болған екен деп айтып еді . Марат Жумагуловтың жауабы: Гүлжихан Жазықбаева Сәлем бердік. Сіз маған хабарласыңыз: 87752650220

Айымжамал Кайнуллаева

Ұсынушының толық аты-жөні: Айымжамал Кайнуллаева
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: МЕН ЕСТІГЕН ӘҢГІМЕДЕ ЖАН ЖАҚТЫ ХАБАРЫ БАР БАЙЛАР ТӘРКІЛЕУ БОЛАТЫНЫН АЛДЫН АЛА БІЛГЕН НАУҚАН БАСТАЛМААЙ ТҰРЫП ҚАЛМАҚ ҚЫРЫНА СССР КІРМЕГЕН ЖАСЫРЫН КЗШІП МАЛ МҮЛІКТІ АҚАШАЛАП РЕСЕЙГЕ СІҢӘП КЕТКЕН ЖАППАС ШЕРКЕШТІБАЙЛАРЫЕСІМДЕ ҚАЛҒАНЫ ШЕРКЕШ СҰЙІН ДЕГЕН БАЙ НАРЫННЫҢ АҚМЫРЗА АШЫҒЫН ЖАЙЛАҒАН СҮЙІНННІҢ ҰРПАҒЫ ВОЛГОГРАД РАСТОВ АСТРАХАН ОБЛ ӘЛІ БАР ОРДАДАН ТӘРКІЛЕНГЕНДЕРДІҢ АЗ БОЛУ СОДАН БОЛАР ЖАППАСТЫҢБІР БАЙЫРОСОВ ОБЛ БАСҚАРУ ІСІНДЕ ЮОЛЫП ЖАППАС ШЕРКЕШТЕРДІ ҚАИҚОРЛАҒАН ПӘУЕСКЕ ГЕ СҰЛУ АТ ЖЕГІПАРАЛАП ТҰРҒАН ДЕУШІ ЕДІБҰЛ ӘҢГІМЕНІАЙТҚАНДАР ҚАЗІР ЖОҚРОСТОВТАН ЖЫЛҚЫ АЙДАТЫП ЖІБЕРГЕН НЕМЕСЕ БАРЫП СОЛ ҚАЗАҚТАРДАН АЛЫП КЕЛГЕН АТАЛАР ЮОЛДЫ біРАҚ ЖАРИя ЕТПЕЙТІН Өйткені олар БАЙДЫҢ БАЛАСЫМЫН ДЕУГЕ ҚОРЫҚТЫ СОСЫН АШАРШЫЛЫҚ БАСТАЛҒАНДА ЕЛДЕГІ ТУЫСТАРЫН ӘКЕТКЕН СҮЙІННІҢ СОҢЫНАН КӨШІРІП АЛҒАН ТУЫСТАРЫ ПАЛАСОВКА КАЙСАТ НОВОНИКОЛАЕВКА АЛҒАЙ ДЕГЕН ЖЕРЛЕРДЕ БАР ЕДІ ДУБОВСКИЙ РАЙОН ДЕГЕН ЖЕРДЕДЕ БОЛДЫ

Маруаш Куставлетова

Ұсынушының толық аты-жөні: Маруаш Куставлетова
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Бір үлкен,сауапты жұмыс жасаған екенсің! Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылы іргесінде Қосдəулет деген қыстақ бар,сонда аталарым тұрды.1928ж кəмпескілеуден қашып Башкирияға кетіп қалды.Одан Ресей жеріне барып,сол жақта тұрақтап қалды.Қазір фамилиямыз Куставлетовп болып кетті ғой.Ажемнің айтуы бойынша Қосдəулетов Қуанай деген прокурор болған қателеспесем,істі жақсы жүргізген адам екен,бір сондай істен кейін Оралдан келе жатып,орыстың үйіне тамақтануға тоқтағанда дастарханда,істі қалай жүргізгенін айтып отырғанда,үй иесі орыс арқасынан қаққан -молодец деп.Ауылға келгеннен кейін арқасы қап қара болып тез қайтып кетті, жастай кетті деуші еді əже.Қосдəулет деген жер əлə солай аталады...

Болатбек

Ұсынушының толық аты-жөні: Болатбек
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: әжем
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Жантас інім...бұл жоғарыда айтылған деректе көрсетілген Əжібаев Мұқан емес..Шұқан...біздің аталарымыз Əжібайдан Күшіген.Шұқан.Шортанбай туған..Шұқан атамыз Қаратөбе ауданы Жақсыбай болысын басқарған..жерлесіміз Қ.Жұмалиевтің бұл кісі туралы жазған еңбегі бар екен ,,Шұқан болыс""деген (таба алмай жүрмін іздеп)Қаратөбе жерінде алғаш қызыл кірпіштен үй салған.медресе салған.дүкен ұстаған...Бұл кісі сіз жоғарыда үкімет қаулысы дерегі бойынша айтқандай бірінші Ақмешіт түрмесіне одан əрі қарай Жетісу облысына жер аударылып сол жер де қайтыс болған...Өзімен бірге барған кемпірі елге қайтып келе жатып қазіргі Соль-Илецк жерінде бір ұл .екі қызымен тоқтаған...ұлы 1941ж соғысқа аттанып сол жақта қайтыс болған..Екі қызының бірі Шыңғырлау ауданында тұрып жерленген Шілік ауылында..біреуі Соль-Илецкінің Маяк ауылында баласының қолында тұрған.. Шыңғырлау ауд.тұрған апамыздан қалған жиендер Орал.Ақтөбеде тұрады..Мұхамеджан деген жиеніміз зас.ветеринар СССР алған облыста екі кісінің бірі (екінші Черыкаев Аңқатыда директоры)басқа да көмек керек болса 87057962506..87075541969.Болатбек Осы кəмпеске құрбаны болған Шұқан атамның бауыры Шортанбай туралы дерек аздау..əжеміз бала кезімізде айтып отыратын бір əңгіме есте қалды ..Сіз сөзіңіздің арасында тəркілеуден құтылып кеткен де байлар болды дегенде сол əңгіме есіме түсті...Өйткені атамыз кəмпеске науқаны басталмай тұрып Шұқан болыс атамыздың қарсылығына қарамай қолындағы малдарын жан-жаққа апарып сатып қалған бөлігін елдегі бауырларына,өзінде қызмет жасаған жұмысшыларына бөліп беріп таңмен таласып ағайын бауырларымен қоштасып өзінің елге белгілі ақ түйесіне отырып белгісіз жаққа жанұясымен жүріп кеткен.. (өзімен бірге мал-мүлкін сатқаннан түскен ақша мен алтын болғасын қорыққан болса керек тоналып қалудан)..Бұл жоғарыдағы атамыз Əжібаев Шұқаннан да өткен ауқатты болған деп отыратын əжеміз. Бұл кісілер Қаратөбеде Соналы болысын билеген Ақшолақ (Мұхаметжан) Сарғожинге қайын ағалары Бұл Шұқан.Шортанбайлардың руы Алаша Барамық.Есенаман

Мария Таубаева

Ұсынушының толық аты-жөні: Мария Таубаева
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: нағашы əжеміз
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Сəлематсыз ба?Біздің нағашы атамыз Досқали бай сол кезеңде қызы,Ақкүмісті 16 жас шамасында Қуанышкерей деген кедей жігітке күйеуге беріп,өздері қашып кеткен,-деп айтып отыратын еді нағашы əжеміз.Бір кішкене санбықша асыл тастар тастаған екен....бізге ақ күміс білезігі жеткен еді.Өкінішке орай жоғалып кетті....суреті сақталған тəрізді...білезіктің....Мүмкін болса Досқали бай туралы дерек кездесіп жатырса...... Кайржан Таубаевтың жауабы: Ақмаржан апамның 'Ақ білезік",өлеңі соның дәлелі ғой

Талгат Тапалов

Ұсынушының толық аты-жөні: Талгат Тапалов
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Құжат жинаған кезде. Біздің естіп білетініміз Сыйықов Мұғаз атамыз осы тізімдегі.Сыйық,Сыдиық деген екі ағайынды жігіттер болған.Сыдиықты жеңгелері Тапал деп атап кеткен.Содан біздер Тапаловтар əулеті болып кетттік.Мұғаз атаның ұрпақтары осы Орал көлемінде бар ғой. Мұғаз атамыз Бесқасқа руының Айтбай атасынан.Қай болыста тұрғанын біліңкіремеймін.

Бакитжан Жусипкали

Ұсынушының толық аты-жөні: Бакитжан Жусипкали
Мекенжайы: БҚО
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: Əжеміздің айтуынша
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Қаратөбе ауданы, Соналы болысында 1929 жылы Есжан, (Есшан) Нұрғали деген ағайынды адамдар, Нұрғалидан Жүсіпқали деген баласы болған. Фамилалары Байтелеуов болуы мүмкін Алаша руы, Аталық, Өтеулі бөлімінен кəмпескіленген. Өздерін қырық тұрба түрмесіне жауып тергеген. Жанұясы Ресейге ( Башкирияға) көшкен. Артынан түрмеден тергеуден шығып Башкириядағы жанұясына барып қосылған. Есжан қарт кəмпескіні көтере алмай қайтыс болған. Өлер шағында қайын жұртын барып паналаған. Мəйіті Төленмен Жаманқұдықтың ортасындағы Қойсары қауымында жерленген. Бұл байлар қазіргі Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Соналы ауылына қарасыты Есжан, Зеріп, Сидəлі деген жерде тұрған. Есжан атамыздың атымен жер аты əлі күнге бар. Аталарымыз мəйіті Башкирия жақта қалды. Елге 1961 жылы көшіп келген. Бұл кісілер Соналы болысының үлкен байлары болған. Əжеміздің айтуынша кəмпескілегенде малды бір жұма жатып санады дейді. Əжеміз сол Аталық руының Кенжеғара бөлімінен. Байғұтты Шолаққамыс жерінде дүниеге келген. Амашин Сəлім дегеннің жалғыз қарындасы. Жазушы, драматург, ақын Берқайыр Аманшиннің апасы. Əжеміздің айтуынша жылқының саны 2000 ға жуық, қой 5000 дай, түие 100 дей болған. Қыста Соналы көлін, жазда Бұлдырты өзені бойын жайлаған. Əжеміздің ағасы Сəлім Аманшин болыс Мұханбетжан Сарғожиннің (Ақшолақ) іс жүргізушісі, ағайыны болған. Ақшолақ бірнеше рет аталарымыздың үйіне келіп қонақ болып тұрған. Кəмпеске бірінші 1928 жылы болады деген, сосын сол Кенжеғаралардың беделдері арқылы 1929 жылға создырған. 1929 жылы сəуір айында кəмпеске болып, мамыр айында ішжаққа көштік деп отыратын еді əжеміз. Шалдардың бəрін Қырық тұрбаға алып кетті тергеуге деп. Біздер бала-шыға, əйелдер Қарабуралармен (ру аты) ілесіп көштік деп. Шалдарымыз артынан жартысы келді артымыздан күзге қарай Башкирияға, кейбіреулері түрмеде өлген деп айтушы еді.1961 жылы елге қайта көшкен. Кейбір ағайындарымыз Башкирия жақта қалған, біреулері Самара обылысында, кейбіреулері БҚО Теректі ауданында тұрады, біздер Қаратөбе ауданындамыз. Əжеміз біздер мың өліп, мың тірілгендерміз деп айтып отыратын еді. Кеңес өкіметіне көзі жұмылғанша сенбей кетті.

Бекет Гайсин

Ұсынушының толық аты-жөні: Бекет Гайсин
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: немересімін
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Ассалаумағалейкүм. Біздің әкеміздің әкесі атамыз Ғайсаның да мал мүлкі тәркіленіп жер аударылған екен. Бұл Казталовка ауданы Теренкуль деген ауылдың ар жағында Нұрмақ деген жерде тұрған

Жанай Амантурлин

Ұсынушының толық аты-жөні: Жанай Амантурлин
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Индерден Зеленый округінен Сыралы бай тәркіленген еді. Суреті табылды. Өзі сол Орал жаққа айдауға кеткеннен мәлімет жоқ. Сыралы деген жер бар Көктоғайдың қырында. Сол байдың қонысы дейді. Госфондының жері деуші еді. Оралға қарайды. Аққали Ахметтің жауабы: Сыралы бай тізімде бар. ҚР ПА қорында мәліметтер бар. Олар туралы кезінде мақала жазып едім. Сыралы Жаманқаладан тәркіленген. сол жерде біздің әкелер отырды1964 жылға дейін.Ол жер Бақсай совхозының жері болды бұрын. Бақсай совхозының жері болды онда 2 ферма тұрды. Кейін Көздіқараға көшті. Сыралы путь Ильича совхозына берілді.

Damir Yenshibayev

Ұсынушының толық аты-жөні: Damir Yenshibayev
Мекенжайы: Ақсай
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Ассаламуағалейкум! Менде таптым бір үлкен документ Актобе архивында, бұрын Шыңғырлау ауданы Актобе округіне кірген, қазіргі Бөрілі мен Шыңғырлау ауданы, БҚО. Сол уаққыта 3 адам өте бай болған, - Бәйішев Хайролла тәркілеу науқаны басталған кезде жасы 50-ге келген, (руы Тартулы, кенже) отбасы мүшелерінің саны 7 адам Шыңғырлау ауданының Шілікті болысының № 35 ауылының тұрғыны; - Баяндин Боранның жасы 40-та, отбасында 4 адам. Қарашығанақ болысының № 9 ауылының түрғыны; - Нұғманов Қалан 40 жаста, отбасы мүшелерінің саны 7 адам Бүл да революцияға дейін би, болыс болған. Шілікті болысының № 35 ауылының тұрғыны. Қазіргі танда мен тек Баяндин Боранның шежіре таптым,ұрпақтары БҚО тұр, Боранның әкесін құлптасын таптық сол Бөрілі ауданда тұр, өзі Боран Сухореченское ауылда жерленген. Сол документте бедняк-батрактардын үлкен тізім бар, кім қанша мал алған, қолынды қойған,

Гулнур Исмагулова

Ұсынушының толық аты-жөні: Гулнур Исмагулова
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: шөбере
Деректер кім арқылы жетті: Әжемнің айтуынша
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Әжемнің айтуынша біздің де арғы атамыз Төлепберген бай кісі болыпты, тәркілеу кезеңінде Солелецк жағына қашқан дид, әжем өте кішкентайынан жетім қалғандықтан есінде көп ештеңе қалмаған, кейін есейгенде сананы тұрмыс билеген дегендей, енді сол Төлепберген атамыздың сүйегі қайда қалғанын да білмейміз, сіздерден бір ілік тапсық жақсы болар еді!

Нұржан Дүзбатыр

Ұсынушының толық аты-жөні: Нұржан Дүзбатыр
Мекенжайы: БҚО, Бәйтерек ауданы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Бәйтерек ауданының Январцев, Рубежин, Чеботарев, Чувашин, Красноармейский ауылдарында тұратын қазақтардың дені кәмпеске кезінде елден Ресейге шығып кеткен, кейін 1932-1938 жылдар аралығында қайта келіп, сол ауылдарда тұрақтаған Қаратөбе, Тайпақ, Жымпитының қазақтары. Жойылып кеткен ауыл маңындағы қорымдарда негізінен осы үш ауданда көп шоғырланған рулардың ұрпақтары жерленген. Ол адамдардың қолында ескі Құран кітаптары бар. Бір өкініштісі, мен тілдескен адамдардың көбі ата-бабасы туған топыраққа барып, елді көздерімен көрмеген. Десе де, Қаратөбе, Жымпиты, Тайпақтың жер-су атауларын саналарына мықтап сіңірген. Ана тіліне шорқақтап қалса да туған жердің әр төбесін, елге белгілі әулеттерді жақсы біледі. Тағы бір ескеретін дүние, олар (Ресейден ертеде қоныс аударған отбасылар) әлі күнге өзара байланыстарын сақтап, араларынан белсенділерін Лидер санайды. Осы жылдың қаңтарында ғана осындай ең беделді, 102 жас жасаған Байторы руының қызы, жымпитылық Келбатыр бидің келіні Дариға әже мен тағы бір Қалдығайты Төлендік Байторы руынан 1930 жылғы Рахметолла Жүнісов бақилық болып кетті. Ұрпақтары бар. Енді үлкендерден Трекин ауылында Бақи есімді жасы 83- ке қараған ата бар. Ол кісі де біраз ескі әңгімені біледі. Естіген әңгімелерді қайта жаңғыртып, материалдарын жеткіземін

Курумбаев Айбулат

Ұсынушының толық аты-жөні: Курумбаев Айбулат
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: "Гурьевский округ 1. Абаканов Х., Новобогат 2. Абенов Алдаонгар, Кызылкога 3. Адаев Сабит, Кызылкога 4. Айтжигитов Аманша, Доссор, 7 аул 5. Алдабергенов Токеш, Кызыкога 6. Алиев Отегали (Отепгали), Тениз 7. Алжанов Ибрагим, Есбол 8. Арыстангалиев, Новобогат 9. Байетов Байжан, Доссор, 7 аул 10. Байетов Ермагнбет, Доссор 11. Байбатыров Султан, Кызылкога, 8 аул 12. Банатов Айткали, Кызылкога 13. Байтиленов Амиржан Едилбайулы, Тениз, аул Бадахан 14. Бигалиев Сералы, Жаманкала 15. Бегалиев, Есбол 16. Бекенов А, Новобогат 17. Бекмурзин Казыбек, Доссор 18. Бектилеуов, Жаманкала 19. Бисалиев Арыстангали, Новобогат 20. Болекбаев Бисенгали, Доссор, аул 7 21. Даубатыров Шамиш, Тениз 22. Емесинов Ишитар, Кызылкога 23. Жаксыбаев Жаксыгали, Доссор 24. Жанаесов Избасар, Кызылкога 25. Жанаесов, Кызылкога 26. Жанкожин Жумагали, Новобогат 27. Жанысенов К., Новобогат 28. Жармагамбетов Ергали, Новобогат 29. Жарылкасымов Б.,Кызылкога 30. Жубаниязов Кану, Доссор 31. Жолдасов, Кызыкога 32. Жумабаев Тузелбай, Кызылкога 33. Дуйсалиев Божебай, Кызылкога 34. Дуйсалиев Урыбасар, Кызылкога 35. Дуйсенгалиев Саки, Кызылкога 36. Еленбаев Габбас (Елеубаев Габбас), Кызылкога 37. Есболганов Бесимбай, Кызылкога 38. Есенгарин, Кызылкога 39. Жаксыбаев Жексенгали, Доссор, 8 аул 40. Ибрашев Калмукаш, Есбол, 10 аул 41. Игиликов Айтжан, Кызылкога 42. Елеубаев Бабас, Кызылкога 43. Ержанов Халыкберген, Доссор, 15 аул 44. Смагулов Смадияр, Новобогат 45. Есулаев Саки, Кызылкога 46. Каракулов Шокан, Доссор, 7 аул 47. Кемесаев Байтилеу, Кызылкога 48. Кисыков Жумагали, Кызылкога 49. Кишиков Жумагали, Кызыкога 50. Кожагулов Аманбай, Доссор 51. Кожагулов Жаман, Доссор 52. Кожаров Абдулла, Есбол 53. Колбасов Каракожа, Кызылкога 54. Курманбаев Кайырлы, Тениз 55. Курмангалиев К., Тениз 56. Кусалиев Н., Есбол 57. Лукпанов А., Кызылкога 58. Майранов Б., Новобогат 59. Макажанов Т., Кызылкога 60. Маматалиев, Жаманкала 61. Мамеков Кажыгали, Новобогат 62. Мамышев (Маймышев) Майкы, Есбол 63. Медетов Бабас, Кызылкога 64. Медетов Тилеген, Кызылкога 65. Мендалиев Демеу, Кызылкога 66. Мырзагалиев Жаксыгали, Кызылкога, 17 аул 67. Мамеков К., Новобогат 68. Нуржанова Сарыпжан, Доссор 69. Нурманов Касан, Кызылкога 70. Омаров Майран, Новобогат 71. Саденов Сагат, Кызылкога 72. Салаев (Салиев) Жумагали, Тениз, Батырхан ауылы 73. Сармухамедов, Жаманкала 74. Сейтеков Шарип, Кызылкога 75. Сералиев, Жаманкала 76. Тонашев Кусайын, Тениз 77. Тонашев Отегали, Тениз 78. Тинатов А. Кызылкога 79. Омаков Мейрам, Новобогат 80. Умбеталиев Жаксыгали, Доссор 81. Хамитуллин, Новобогат 82. Шетиков, Жаманкала 83. Шакаев Кали, Новобогат 84. Шулаев Сакып, Кызылкога 85. Жулдызов Жумакул, Кызылкога #ФСНИ #нпо #Уральскконфискация кезінде жарияланған едік ..."

Svetlana Bakhisheva

Ұсынушының толық аты-жөні: Svetlana Bakhisheva
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Атамдар ертерек кошкен ауылымен, бiлуiмше 1928-29 дарда, сол конфискациядан малымен бессарыларымен кошкен гой

Tlegen Zharmukhanou

Ұсынушының толық аты-жөні: Tlegen Zharmukhanou
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: аталас туыс
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Менің аталас туыстарым конфиска болып Шымкентке жер аударылған. Шамұрат,Сейтім екі ағайынды, олар молда болып бала оқытқан. Қазір ұрпақтары бар. Шамыраттың Шымкентке жер аударылғанда тоқалымен кеткен. Ауылдағы бәйбішесі шалыма барам деп жылай бергесін атам түйемен бір ай жүріп апарып тастаған. Ол жақ өте ыстық екен деп айтып келіпті. Руымыз бессары тана Ислам КZ деген сайттан бір дерек оқып едім,Жәңгір ханның бұйрығымен Төребай ұлы Отызбай молда болып бала оқытсын деп жарлық шығарғанын. Соңынан сол сайтты табалма қалдым. Олар маған төртінші атадан қосылады. Ұрпақтары осында Оралда тұрады,олар бірақ көп ештеңе білмейді. Шамырат сол Шымкент жақта қалған,Сейтім елге келіп аштан өлген. Ақыр бай аштан өледі дейді ғой қазақ. Жаңақала ауданы,қазіргі Жаңаталап совхозының жерінде ата қонысымыз. Бессарылар негізінен Жаңақала,Орда аудандарында қоныстанған,кейін 1951 жылы полигон құрылғанда облыстың басқа аудандарына көшірілген.

Мұнайдар Балмолда

Ұсынушының толық аты-жөні: Мұнайдар Балмолда
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: Жаңақалада Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Жаңақалада Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім, Қырқопа (Кармановка) ауылына барар жолда шағын көпір бар. Сол тұсқа аштық жылдары көп адамды, бала-шағаны жерлепті. Алайда ол ара судың бірде тасып, бірде басылып тұратын өзек болғандықтан, сүйектерді су шайып әкеткен болар деп айтқан. Ал жалпы сол тұс аштық жылдары өлгендер жерленген жер екен.

Ахмедияр Батырханов

Ұсынушының толық аты-жөні: Ахмедияр Батырханов
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: Ғұбайдолла ағамыз айтқан
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары РФ Волгоград облысы Николаев және Палласов аудандарына Жәнібек пен Орда аудандарынан қоныс аударғандар көп. Ал Саратов облысының Озинки,Дергачи, Новоузен, Александров-Гай (Алғай) аудандарында біздің облыстың Жаңақала, Жәнібек, Казталов және бұрынғы Фурманов аудандарынан көшкендердің ұрпақтары тұрады. Сонымен қоса Ростов облысында жерлестеріміз біраз бар. Ғұбайдолла ағамыз айтқан Айдарлы және Тәшпек жер атаулары Жәнібек ауданының Борсы ауылында әлі солай аталады. Мәселен, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылынан 1928 жылы үдіре көшіп,Украин елінен пана тапқан Баянбай байдың ұрпақтары қазір Волгоград облысының Палласов ауданында тұрады.

Нурлан Рахымжанов

Ұсынушының толық аты-жөні: Нурлан Рахымжанов
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: ---
Деректер кім арқылы жетті: ---
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: САРЫТАУ ОБЛЫСЫ бойынша қазақтар дың 90%пайызы 28-32 жылдары ішкі ордадан кеткендер шығар

Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы

Ұсынушының толық аты-жөні: Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы
Мекенжайы: Сырым ауданы Жетікөл ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Белнемере ағайын
Деректер кім арқылы жетті: Әкемнен, ағайындардан
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Мәкәрім1875 ,Әтиғолла 1881,Досжан 1870шамамен Дәулеталиевтер үшеуіде бай болған ,басқада ағайындар бар ол кісілер оқыған ,мешіт ұстаған молда болған ,Әтиғолла мен Мәкәрімді мал мүлкін тәркілеп ,содан олар Орынбор ,Самара жағына қашып бара жатқанда Әтиғолланы өлтірген деген әңгіме бар ,бірақ анық емес.Мәкәрімді соттап жер аударған ,Отан соғысында штрафбатта соғысқан деген дерек бар ,ұрпақтары орынбор қаласында қалған.Досжан туралы дерек аз.Досжан менің арғв атам.баласы Рамазан атам соғыста жоқ болып кеткен, ағайындардан әкем жалғыз қалған елде

Шәненов Келтір

Ұсынушының толық аты-жөні: Шәненов Келтір
Мекенжайы: Атырау қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: күйеу
Деректер кім арқылы жетті: ауызша айтылған әңгімелер және кітаптан оқыған шағын жазбалар бойынша
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Олжашы жеменей ұрпақтары Сағызбайұлы Түйекен, Сағызбайұлы Әлі (Әли)- түйелі бай болған әулет. Ешқандай қарсылық жасамаған, малдарын тәркілеп, өздерін бай болғандары үшін түрмеге қамаған. Тағдырлары белгісіз, Қызыл үкімет жендеттері түрмеде өлтірген болар деп жобалаймыз.

Дошанұлы Рысқазы

Ұсынушының толық аты-жөні: Дошанұлы Рысқазы
Мекенжайы: Байтерек ауданы, Богатск ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немере
Деректер кім арқылы жетті: Әжеміз Тәнзила, әкем Ұзақбай
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Әжемнің айтуы: Рысқазы атам- руы Ысық, Жаңақала ауданынан 1928-1929 жылдары конфискация ұшыраған, Красноярск жақта лагерде болып келген. Келгеннен кейін Богатск ауылында надзорда болған. 1967 жылы қайтыс болды. Сол ауылда жерленген. Арабша сауатты болған.

Есбек Болат Тастанұлы

Ұсынушының толық аты-жөні: Есбек Болат Тастанұлы
Мекенжайы: БҚО, Байтерек ауданы, Асан ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немересі
Деректер кім арқылы жетті: Менің атам Есібек, әкесі Өтебай 1930 жылдары бай есебінде мүлкі тәркіленіп, жер аударылға немесе сотталған. Айдауға кетіп бара жатқан жерінен Тасқалада поездің астына түсіп мерт болған,- әкем Есбеков Тастанның айтуы бойынша.
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Атырау облысы, Индер ауданы немесе БҚО облысы Жаңақала ауданына қарасыты Толыбай тас деген жерде мекендеген сияқты. Кейбір айтушылар Шолан тауында деп те айтады. Жайық беріш руының Көтей, Шұбар деген екі аталас ұрпақтары.

Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы

Ұсынушының толық аты-жөні: Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немере
Деректер кім арқылы жетті: Әже
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Есеналин (құжатта Исеналин болуы мүмкін) Әлмұхамбет Әжгерейұлы. 1938 жылы сотталған. Алашорданың батыс бөлімінде юнкер офицері болған. Әкесі Әжгерей 1912 жылы Салық Омартың орнына Өлеңті уезінде болыстыққа сайланған, кейін өзінің хатшысының қолынан қаза тапқан. Сотталғанға дейін дайындау мекемесінің есепшісі қызметін атқарған. Жымпиты ауданынан сотталған. Немересі Өскемен Есеналиннің айтуы бойынша Самара облысына жер аударылып, 70-ші жылдары ақталған. Жымпиты ауылынан қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы «Жазықсыз жазаланған бойдақтар» кітабында есімі көрсетілген. Интернеттегі бір мәліметте «Жиембайдағы (Жымпитыдағы болуы мүмкін) тұтқындар үйінің коменанты» деп делінген. Руы Байбақты-Шолан-Түкіш-Бегетай бөлімінен. Ұрпақтары Орал қаласында тұрады.

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.