Карашулаков Исен
- Аудан: Орал округі Жымпиты ауданы №15 ауылы
- Қатысушының аты-жөні: Карашулаков Исен
- Айыпталған бабы: 58/8 және 58/10 УК баптары
- Жаза: 1930 жылы 15 наурызда ПП ОГПУ-дың үштігінің шешімімен № 737 іспен айыпталған 16 адамға 58/8 және 58/10 УК баптары бойынша он жыл мерзімге концлагерьге жабылсын, мүлкі тәркіленсін.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 16 мамырда жазықсыз жазаланған жандар Орал облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: 1929 жылдың ақпан айының ортасы мен маусым айының басында Жымпиты ауданының №15 және №19 ауылдарының байлары мен атқамінерлерінің астық дайындау науқаны кезеңіндегі Кеңестік билікке қарсы наразылықтары орын алған. Малшы шаруалардың наразылықтары жасырын мәжілістерін ұйымдастыру, өкіметке артық астық пен ат көліктерін беруден бас тарту, ауылдық билік органдарының жауапты қызметкерлеріне қарсылық білдіру, тіпті шабындық жерлерді өртеу түрінде көрініс берді. Бұл баскөтерудің жетекшісі ретінде Досмұхамедов Ғаббас көрсетіліп, оған Жаһанша Досмұхамедовтың де ықпалы болуы мүмкін деген деректер келтірілген. 1929 жылы маусым айының 19-нан бастап құзырлы органдар арыз-шағымдардың түсуіне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізеді. Кейін сол жылдың жаз айларында көтерілісшілер жаппай тұтқындалып, 1930 жылдың қаңтар-ақпан айларында төмендегі тізімдегі 16 адамға Кеңестік билікке қарсы шыққандары үшін айыптар тағылды.
- Дереккөз: БҚО ІІД архиві6 қор, П-2917 іс, 339-341 пп. БҚО ІІД архиві 6 қор, П-2917 іс, 350-351 пп. БҚО ІІД архиві 6 қор, П-2917 іс, 359-361 пп.