Саматов Зайнулла
- Аудан: Шыңғырлау ауданы №16 ауыл
- Қатысушының аты-жөні: Саматов Зайнулла
- Айыпталған бабы: 58/10 және 58/11 УК баптары бойынша айыптар тағылған.
- Жаза: 1933 жылдың13 шілдесінде ПП ОГПУ жанындағы үштіктің отырысында алты жыл мерзімге концлагерьге жабылсын, мерзім 27/IХ-32 ж. есептелсін деген үкім белгіленген.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 28 маусымда барлық азаматтар Орал облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: Шыңғырлау ауданының №16 ауылы тұрғындарының арасында 1931-1932 жылдардарғы ұжымдастыру саясатына қарсы топ болған. Архив құжаттары бойынша олардың көпшілігі бұрын кәмпескеленген байлар мен бұрынғы молдалардың ұрпақтары болса, араларында орташалар мен кедейлер де кездеседі.
- Дереккөз: БҚО ІІД архиві, 6 қор, П-3208 іс, 354 п.