Такешев Дюсале
- Аудан: Жаңақала ауданы №4 ауыл
- Қатысушының аты-жөні: Такешев Дюсале, 19жаста, бойдақ, партияда жоқ, шала сауатты, ұлты қазақ, малшы,орташа, бұрын сотталмаған.
- Айыпталған бабы: 58-2, 58-8 және 58-10 УК баптары
- Жаза: 1932 жылы 25 ақпанда ҚССР-дағы ПП ОГПУ жанындағы үштіктің отырысында №3049 айыптау ісі бойынша бес жыл мерзімге концлагерьге жабылсын, мерзімі 27/ IІІ -31 ж. - дан есептелсін, мүліктері тәркіленсін.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 3 тамызда Орал облыстық сотының Президиумының шешімімен толықтай ақталды.
- Көтеріліс туралы: Жаңақала көтерілісі: 1930 жылдың сәуірі-1931 жылдың көктемі аралығында Жаңақала өңіріндегі халықтың күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтары болды. Жаңақала көтерілісінің себептері -1930 жылы қыс пен көктемде Жаңақала ауданында ет дайындау жоспарының шектен тыс, өрескел бұзылуы; -Егін егетін солтүстік ауылдарда барлық егіс жерлері колхоз меншігінде болды және ол жерлерден өнім өте аз алынды; -Астық тапсыру жоспарын орындау мақсатында жергілікті өкімет органдары егін екпейтін ауылдарға қыстың ішінде әр пұт астық үшін бір ірі қара мал тапсыруды міндеттесе, оның ішінде ауқатты, бай адамдарға бұл міндетті қысқа мерзімде орындау тапсырылды; -Өнімді тапсырғандарға уәде етілген азық-түліктер берілмеген, ақша кейбір жерлерде 1932 жылдың наурызына дейін төленбеген; -Ұжымдастыру барысында халықтың малы тартып алынды. -Көтеріліске қатынасқан 360 адам тұтқындалған; -Тергеу барысында 160 адам қылмысы анықталмай босатылған; -Ұзаққа созылған тергеу барысында 71 адам құрбан болған; -ОГПУ жанындағы үштіктің қаулысымен 1932 ж
- Дереккөз: БҚО ІІД архиві 19-қор, П-3204 іс, 101-102, 217-238 пп БҚО ІІД архиві 19-қор, П-3204 іс, 91-94 пп БҚО ІІД архиві 19-қор, П-3204 іс, 64-82 пп