Утемисов Калий
- Аудан: Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылсоветі
- Қатысушының аты-жөні: Утемисов Калий, 1867 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылсоветінің тұрғыны, қазақ, партияда тіркелмеген, отбасылы, Бершарал қыстағында тұрған, 1931 жылы 25.03 күні НКВД-ның Жәнібек аудандық бөлімі тұтқындаған
- Айыпталған бабы: РСФР-дың ҚК 58-8, 58-11, 59-2 баптары
- Жаза: 1932 жылы 28 қаңтарда Қазақстандағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің қаулысымен бойынша мүлкі тәркіленіп Қазақстанның шегінде 5 жыл мерзімге жер аударылған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 3 тамызда Орал облыстық соты Президиумының қаулысымен ақталған
- Көтеріліс туралы: 1928-1932 жылдары ұжымдастыру саясаты кезеңінде Жәнібек ауданы бойынша сотталған адамдарға қатысты құжаттар түгел қарастырылды. Нәтижесінде Күйгенкөл ауылынан Кеңестік билікке қарсы шығып, ұйым болып сотталған 5 адамға қатысты құжат табылды. Күйгенкөл ауылының бұрынғы байлары күштеп ұжымдастыруға қарсылық білдіріп, Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізген.
- Дереккөз: БҚО Полиция департаментінің арнайы архиві, 18 қор, П-3286 іс, 53-59 пп.