Ильчекбаев Кали
- Аудан: Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылсоветі
- Қатысушының аты-жөні: Ильчекбаев Кали, 1886 жылы туған, қазақ, текті бай отбасынан шыққан, шала сауатты, партияда тіркелмеген, отбасы 5 адамнан құралған, ауыл шаруашылығында жұмыс жасаған, Ақоба ауылында тұрған, 1931 жылы 23 сәуірде тұтқындалған
- Айыпталған бабы: РСФР-дың ҚК 58-10 бап
- Жаза: 1931 жылы 3 желтоқсанда Қазақстандағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің қаулысымен Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізгені және саяси-шаруашылықтық науқанға кедергі келтіргені үшін РСФР-дың ҚК 58-10 бабы бойынша 5 жылға концлагерьге кесілген
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 31 мамырда Орал облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: 1928-1932 жылдары ұжымдастыру саясаты кезеңінде Жәнібек ауданы бойынша сотталған адамдарға қатысты құжаттар түгел қарастырылды. Нәтижесінде Күйгенкөл ауылынан Кеңестік билікке қарсы шығып, ұйым болып сотталған 5 адамға қатысты құжат табылды. Күйгенкөл ауылының бұрынғы байлары күштеп ұжымдастыруға қарсылық білдіріп, Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізген.