Рысқалиев Айтжан
- Аудан: Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылы
- Қатысушының аты-жөні: Рысқалиев Айтжан, 1876 жылы туған, Орал округі Жәнібек ауданы №4 ауылының тұрғыны, бай, қазақ, үйленген, сауатсыз, сайлау құқығынан айырылған, 28 баппен 2 рет істі болған, 1930 жылы 11 қарашада тұтқынға алынған. Колхоздастыруға, астық дайындауға қарсы антикеңестік үгіт-насихат жүргізді, белсенді комсомолды өлтірді деген айыптар тағылған.
- Айыпталған бабы: РСФР-дың ҚК 58-10 бап
- Жаза: 1930 жылы 4 наурызда Қазақстандағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің қаулысымен ҚК 58-10 бабы бойынша мүлкі тәркіленіп 5 жылға концлагерьге кесіліп, сол мерзімге Қазақстан шегінде жер аударумен алмастырылған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 12 маусымда Орал облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: 1930 жылы қараша айында Жәнібек ауданының Тау ауылының 11 азаматына Кеңес үкіметіне, оның ұжымдастыру саясатына қарсы шыққандары үшін айып тағылып, қамауға алынған. Тергеу барысында 1 адам қайтыс болған, 8 - інің ісі тоқтатылып қамаудан босатылған, ал 2 адам нақты мерзімге сотталған.
- Дереккөз: БҚО Полиция департаментінің арнайы архиві, 18 қор, П-3132 іс, 177-179 пп.