Джунусов Ермухамбет
- Аудан: БҚО Жаңақала ауданы №20 ауыл
- Қатысушының аты-жөні: Джунусов Ермухамбет, 1876 жылы туған, бай отбасынан шыққан, қазақ, үйленген, сауатты, партияда тіркелмеген, 1917 жылы ауыл старшыны болған, ақ гвардияның қатарында болмаған, 1931 жылы Жаңақала халық сотымен РСФСР-дың ҚК 61 бабымен 5 жылға жер аударылған, тұрақты қызметі мен мекені жоқ
- Айыпталған бабы: ҚК 58-10 және 59-3 баптары
- Жаза: 1934 жылы 5 наурызда ҚКСР-дағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі үштігінің отырысында ҚК 58-10 және 59-3 баптары бойынша 3 жыл мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне кесу туралы үкім қабылданған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1990 жылы 15 наурызда Орал облыстық соты Президиумының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: Жаңақала және Ілбішін көтерілісінен кейін аудандарынан қашқан адамдар Чижа-Тасқала аумағында жасырынып жүрген Есенғали Ажмулдинның тобына келіп қосылып отырған. ОГПУ-дың мәліметі бойынша көтеріліске қатысып жазадан қашып жүргендердің саны 72-ге жеткен. Олар құзырлы органдардың құжаттарында «бандалық ұйым» ретінде көрсетіліп, барлығына іздеу жарияланған. 1933 жылы тамызда ОГПУ отряды солардың 9-ын ұстап жауапқа тартқан. Осылайша 1931 жылы наурызда жазалаушы отрядтан қашып кеткен кезіндегі көтеріліс басшылары біртіндеп ұстала бастаған.
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-3441 іс, 419 п.