Корешков Яков Андреевич
- Аудан: Орал округі Зауральный ауданы Бөрлі селосы
- Қатысушының аты-жөні: Корешков Яков Андреевич, 43 жаста, кулак, сайлау құқығынан айырылған, Орал округі Зауральный ауданы Бөрлі селосының тұрғыны, 1929 жылы астық тапсырмағаны және орнын жасырғаны үшін бұрын істі болып, 2 жылға Орал изоляторына қамауға, артынан 5 жылға поселкадан жер аударуға кесілген.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-2 және 58-10 баптары 2 тармағы
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтарда ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің отырысында ату жазасына кесілген, үкім 1930 жылы 30 қаңтарда сағат 12.00-де орындалған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 10 маусымда Орал облыстық прокуратурасының қорытындысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: Бөрлідегі бүлік. 1929 жылы бұрынғы Зауральный ауданының қазіргі Бөрлі ауданының Бөрлі (Бурлин) селосында 12 адам кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін айыпталған. ОГПУ-дың құжатында Ф.О. Гнилицкий, Я.А. Корешков, И.М. Курбанов және А.Р.Ризванов кулактардың ұйымын құрғаны, оның қызметі кеңес билігін құлатуға бағытталғаны көрсетілген. Оларды кедейлерді өздеріне бағындырып, жергілікті халыққа қарсы қойды деп айыптаған. 1929 жылы 27 қыркүйекте Бөрлі селосында өрт кезінде миллиционер жағдайды тұрақтандыру үшін өз револьверінен оқ атып, тұрғындардың бірін жарақаттайды. Бұдан кейін село тұрғындары жергілікті биліктің өкіліне бағынбай бүлік ұйымдастырады. Кеңес билігіне өшпенділік танытып жүрген кулактар кедейлермен бірге «Кеңес өкіметінің құйыршықтарын отқа тастаңдар, коммунистерді ұрыңдар» деп айғайлап, миллиционерді соққыға жыққан. Кулактардың ықпалындағы Коваленко мен Качко көпшілікті жергілікті биліктің өкілдерін ұрып-соғуға айдап салған. Қалғандары Выходец, Мотрыч, Лесных, Смоленский, Петров, Калиниченко миллиционерді және жергілікті қызметкерлерді ұрып-соғуға қатынасқан.
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-3053 іс, 115 п.