Коваленко Федор Игнатьевич
- Аудан: Орал округі Зауральный ауданы Бөрлі селосы
- Қатысушының аты-жөні: Коваленко Федор Игнатьевич, 1907 жылы туған, Бөрлі селосының тұрғыны, шаруа, бойдақ, орташа, әскери міндетті, шіркеу хорында әнші, бұрын сотталмаған.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-2 және 58-10 баптары 2 тармағы
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтарда ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің отырысындағы үкім бойынша Қазақстанның шегінен 3 жылға жер аударылған. 1930 жылы 25 мамырда үкім қайтадан қаралып, барлығының бұрын тұтқында болғандары есепке алынып, қамаудан босатылған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 10 маусымда Орал облыстық прокуратурасының қорытындысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: Бөрлідегі бүлік. 1929 жылы бұрынғы Зауральный ауданының қазіргі Бөрлі ауданының Бөрлі (Бурлин) селосында 12 адам кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін айыпталған. ОГПУ-дың құжатында Ф.О. Гнилицкий, Я.А. Корешков, И.М. Курбанов және А.Р.Ризванов кулактардың ұйымын құрғаны, оның қызметі кеңес билігін құлатуға бағытталғаны көрсетілген. Оларды кедейлерді өздеріне бағындырып, жергілікті халыққа қарсы қойды деп айыптаған. 1929 жылы 27 қыркүйекте Бөрлі селосында өрт кезінде миллиционер жағдайды тұрақтандыру үшін өз револьверінен оқ атып, тұрғындардың бірін жарақаттайды. Бұдан кейін село тұрғындары жергілікті биліктің өкіліне бағынбай бүлік ұйымдастырады. Кеңес билігіне өшпенділік танытып жүрген кулактар кедейлермен бірге «Кеңес өкіметінің құйыршықтарын отқа тастаңдар, коммунистерді ұрыңдар» деп айғайлап, миллиционерді соққыға жыққан. Кулактардың ықпалындағы Коваленко мен Качко көпшілікті жергілікті биліктің өкілдерін ұрып-соғуға айдап салған. Қалғандары Выходец, Мотрыч, Лесных, Смоленский, Петров, Калиниченко миллици
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-3053 іс, 115 п.