Голдыш Гавриил Иванович
- Аудан: Зауральный ауданының Святодухов поселкесі
- Қатысушының аты-жөні: Голдыш Гавриил Иванович, 1893 жылы туған, кәсібі бойынша приказчик, БКП (б) қатарынан шығарылған, Врангель армиясының бұрынғы аға унтер-офицері, қоғамдық мүлікті талан-таражға салғаны үшін бұрын істі болған, жалған колхоздың төрағасы.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-8, 58-10 баптары
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтардағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, мүліктері тәркіленген, үкім 1930 жылы 30 қаңтарда сағат 12.00-де орындалған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 12 маусымда жазықсыз жазаланған азаматтар Орал облыстық прокуратурасының қаулысымен ақталған.
- Көтеріліс туралы: Зауральный ауданының Святодухов поселкесінде Урожаев пен поп Киселев бастаған кулактардың ұйымы болған. Басшы топтың тұтқынға алынғанына қарамастан ұйым мүшелері антикеңестік қызметтерін тоқтатпаған. Кулактар өздерінің жағына кедейлер мен орташаларды үгіттеп шығарып алып, азаматтардың жалпы жиналыстарында ұйымның басшылары Урожаев пен Киселевты қамаудан босатуды талап етіп, тұрғындардың қолын жинаған. Көктемгі астық жинау науқаны кезеңінде Святодухов поселкесіндегі кулактар шаруашылықтарын сақтап қалу үшін өз жақтастарымен ғана қағаз жүзінде артель құрған, ал жағдай саябырсыған кезде бүкіл құжаттарды жойып, артельді таратып жіберіп отырған. Мұндай жалған артель Балицкийдің бастамасымен 1929 жылғы астық жинау науқаны кезінде де құрылған, оның басшылығына БКП (б) қатарынан шығарылған, Украинадан қашып келген Голдышты қойған. Кулактар басқосуларда тұрғындар арасында малдарыңды сатып жіберіңдер, колхозға ештеңе өткізіп керек емес, одан да өздерің ішіп-жеңдер деп үгіт-насихат жүргізген. Колхоздастыруға қарсы топ
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-3052 іс, 18-20 пп.