Лягошкин Ераст Артемьевич
- Аудан: Орал округінің Камен ауданының Зеленое поселкесі
- Қатысушының аты-жөні: Лягошкин Ераст Артемьевич, 1884 жылы туған, орыс казак, Орал округінің Зеленое поселкесінің тұрғыны, партияда тіркелмеген, үйленген, ақтардың партизандар полкінде қызмет атқарған, бұрын сотталмаған, кулак.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-11 бабы
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтардағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің қаулысымен ату жазасына кесілген, мүліктері тәркіленген, үкім 1930 жылы 30 қаңтарда сағат 12.00-де орындалған.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 16 мамырда барлығы Орал облыстық прокуратурасының қорытындысымен ақталған
- Көтеріліс туралы: Кулактарға қарсы қысымшылықтың күшеюіне байланысты Орал округінің Зеленое поселкесінде контрреволюциялық ұйым пайда болып, олар өздерінің алдарына кедейлерді өз ықпалдарында ұстау, коммунистерден құтылу, кеңес өкіметін құлату мақсатын қойған. Ұйымның басшы тобына кулактар Немолочнов Тимофей, Харчев Иван, Феофанов Илларион, Лягошкин Иван, Лягошкин Лаврентий, Лягошкин Андрей кірген. Бұл топ үйлерінде отырыстар ұйымдастырып, кедейлерге арақ ішкізіп, коммунистер кедейлерді аштан қырғысы келіп отыр деп, оларды кеңес өкіметіне қарсы қойған. Ұйым мүшелері билік ең шұрайлы жерлерді Зернотрестке беріп қойды, енді селодан бір түйір дән де қалдырмай бүкіл астықты алып кетейін деп отыр, жақында соғыс болады, казактар коммунистерге қарсы тұрады, коммунистерді жоймай шаруалар өз қожалықтарын дамыта алмайды деген сыпсың сөздер таратқан және астық дайындауға, колхозға қарсы үгіт-насихат жүргізген. Бұл топтың белсенді қызметінің нәтижесінде кедейлердің бір бөлігі олардың ықпалына түсіп, кеңес билігінің науқандық шараларын
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-2913 іс, 19-21 пп.