Лягошкин Леонтий Леонтьевич
- Аудан: Орал округінің Камен ауданының Зеленое поселкесі
- Қатысушының аты-жөні: Лягошкин Леонтий Леонтьевич, 1880 жылы туған, орыс казак, Орал округінің Зеленое поселкесінің тұрғыны, партияда тіркелмеген, үйленген, орташа, 1926-1927 жылдары ауылшаруашылық кредиттік және тұтынушылық коопреациясын кулактардың басып алуы үшін белсенді әрекет еткен, ол жерден коммунистерді қуып шығу керек деп мәлімдеген.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-11 бабы
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтардағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің қаулысымен 5 жыл мерзімге концлагерге қамауға кесілген.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 16 мамырда барлығы Орал облыстық прокуратурасының қорытындысымен ақталған
- Көтеріліс туралы: Кулактарға қарсы қысымшылықтың күшеюіне байланысты Орал округінің Зеленое поселкесінде контрреволюциялық ұйым пайда болып, олар өздерінің алдарына кедейлерді өз ықпалдарында ұстау, коммунистерден құтылу, кеңес өкіметін құлату мақсатын қойған. Ұйымның басшы тобына кулактар Немолочнов Тимофей, Харчев Иван, Феофанов Илларион, Лягошкин Иван, Лягошкин Лаврентий, Лягошкин Андрей кірген. Бұл топ үйлерінде отырыстар ұйымдастырып, кедейлерге арақ ішкізіп, коммунистер кедейлерді аштан қырғысы келіп отыр деп, оларды кеңес өкіметіне қарсы қойған. Ұйым мүшелері билік ең шұрайлы жерлерді Зернотрестке беріп қойды, енді селодан бір түйір дән де қалдырмай бүкіл астықты алып кетейін деп отыр, жақында соғыс болады, казактар коммунистерге қарсы тұрады, коммунистерді жоймай шаруалар өз қожалықтарын дамыта алмайды деген сыпсың сөздер таратқан және астық дайындауға, колхозға қарсы үгіт-насихат жүргізген. Бұл топтың белсенді қызметінің нәтижесінде кедейлердің бір бөлігі олардың ықпалына түсіп, кеңес билігінің науқандық шараларын
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-2913 іс, 19-21 пп.