Tlegen Zharmukhanou
- Ұсынушының толық аты-жөні: Tlegen Zharmukhanou
- Мекенжайы: Орал қаласы
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: аталас туыс
- Деректер кім арқылы жетті: -
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Менің аталас туыстарым конфиска болып Шымкентке жер аударылған. Шамұрат,Сейтім екі ағайынды, олар молда болып бала оқытқан. Қазір ұрпақтары бар. Шамыраттың Шымкентке жер аударылғанда тоқалымен кеткен. Ауылдағы бәйбішесі шалыма барам деп жылай бергесін атам түйемен бір ай жүріп апарып тастаған. Ол жақ өте ыстық екен деп айтып келіпті. Руымыз бессары тана Ислам КZ деген сайттан бір дерек оқып едім,Жәңгір ханның бұйрығымен Төребай ұлы Отызбай молда болып бала оқытсын деп жарлық шығарғанын. Соңынан сол сайтты табалма қалдым. Олар маған төртінші атадан қосылады. Ұрпақтары осында Оралда тұрады,олар бірақ көп ештеңе білмейді. Шамырат сол Шымкент жақта қалған,Сейтім елге келіп аштан өлген. Ақыр бай аштан өледі дейді ғой қазақ. Жаңақала ауданы,қазіргі Жаңаталап совхозының жерінде ата қонысымыз. Бессарылар негізінен Жаңақала,Орда аудандарында қоныстанған,кейін 1951 жылы полигон құрылғанда облыстың басқа аудандарына көшірілген.