Нұржан Дүзбатыр
- Ұсынушының толық аты-жөні: Нұржан Дүзбатыр
- Мекенжайы: БҚО, Бәйтерек ауданы
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
- Деректер кім арқылы жетті: -
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Бәйтерек ауданының Январцев, Рубежин, Чеботарев, Чувашин, Красноармейский ауылдарында тұратын қазақтардың дені кәмпеске кезінде елден Ресейге шығып кеткен, кейін 1932-1938 жылдар аралығында қайта келіп, сол ауылдарда тұрақтаған Қаратөбе, Тайпақ, Жымпитының қазақтары. Жойылып кеткен ауыл маңындағы қорымдарда негізінен осы үш ауданда көп шоғырланған рулардың ұрпақтары жерленген. Ол адамдардың қолында ескі Құран кітаптары бар. Бір өкініштісі, мен тілдескен адамдардың көбі ата-бабасы туған топыраққа барып, елді көздерімен көрмеген. Десе де, Қаратөбе, Жымпиты, Тайпақтың жер-су атауларын саналарына мықтап сіңірген. Ана тіліне шорқақтап қалса да туған жердің әр төбесін, елге белгілі әулеттерді жақсы біледі. Тағы бір ескеретін дүние, олар (Ресейден ертеде қоныс аударған отбасылар) әлі күнге өзара байланыстарын сақтап, араларынан белсенділерін Лидер санайды. Осы жылдың қаңтарында ғана осындай ең беделді, 102 жас жасаған Байторы руының қызы, жымпитылық Келбатыр бидің келіні Дариға әже мен тағы бір Қалдығайты Төлендік Байторы руынан 1930 жылғы Рахметолла Жүнісов бақилық болып кетті. Ұрпақтары бар. Енді үлкендерден Трекин ауылында Бақи есімді жасы 83- ке қараған ата бар. Ол кісі де біраз ескі әңгімені біледі. Естіген әңгімелерді қайта жаңғыртып, материалдарын жеткіземін