Бакитжан Жусипкали
- Ұсынушының толық аты-жөні: Бакитжан Жусипкали
- Мекенжайы: БҚО
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
- Деректер кім арқылы жетті: Əжеміздің айтуынша
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Қаратөбе ауданы, Соналы болысында 1929 жылы Есжан, (Есшан) Нұрғали деген ағайынды адамдар, Нұрғалидан Жүсіпқали деген баласы болған. Фамилалары Байтелеуов болуы мүмкін Алаша руы, Аталық, Өтеулі бөлімінен кəмпескіленген. Өздерін қырық тұрба түрмесіне жауып тергеген. Жанұясы Ресейге ( Башкирияға) көшкен. Артынан түрмеден тергеуден шығып Башкириядағы жанұясына барып қосылған. Есжан қарт кəмпескіні көтере алмай қайтыс болған. Өлер шағында қайын жұртын барып паналаған. Мəйіті Төленмен Жаманқұдықтың ортасындағы Қойсары қауымында жерленген. Бұл байлар қазіргі Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Соналы ауылына қарасыты Есжан, Зеріп, Сидəлі деген жерде тұрған. Есжан атамыздың атымен жер аты əлі күнге бар. Аталарымыз мəйіті Башкирия жақта қалды. Елге 1961 жылы көшіп келген. Бұл кісілер Соналы болысының үлкен байлары болған. Əжеміздің айтуынша кəмпескілегенде малды бір жұма жатып санады дейді. Əжеміз сол Аталық руының Кенжеғара бөлімінен. Байғұтты Шолаққамыс жерінде дүниеге келген. Амашин Сəлім дегеннің жалғыз қарындасы. Жазушы, драматург, ақын Берқайыр Аманшиннің апасы. Əжеміздің айтуынша жылқының саны 2000 ға жуық, қой 5000 дай, түие 100 дей болған. Қыста Соналы көлін, жазда Бұлдырты өзені бойын жайлаған. Əжеміздің ағасы Сəлім Аманшин болыс Мұханбетжан Сарғожиннің (Ақшолақ) іс жүргізушісі, ағайыны болған. Ақшолақ бірнеше рет аталарымыздың үйіне келіп қонақ болып тұрған. Кəмпеске бірінші 1928 жылы болады деген, сосын сол Кенжеғаралардың беделдері арқылы 1929 жылға создырған. 1929 жылы сəуір айында кəмпеске болып, мамыр айында ішжаққа көштік деп отыратын еді əжеміз. Шалдардың бəрін Қырық тұрбаға алып кетті тергеуге деп. Біздер бала-шыға, əйелдер Қарабуралармен (ру аты) ілесіп көштік деп. Шалдарымыз артынан жартысы келді артымыздан күзге қарай Башкирияға, кейбіреулері түрмеде өлген деп айтушы еді.1961 жылы елге қайта көшкен. Кейбір ағайындарымыз Башкирия жақта қалған, біреулері Самара обылысында, кейбіреулері БҚО Теректі ауданында тұрады, біздер Қаратөбе ауданындамыз. Əжеміз біздер мың өліп, мың тірілгендерміз деп айтып отыратын еді. Кеңес өкіметіне көзі жұмылғанша сенбей кетті.