- Досқалиев Шамақ (Шаман), 50 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 308;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 4, бума 1, 232 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
1928 жылы тәркіленген.
Мекенжайы: Орал округі, Азғыр ауданы, Сүйіндік ауылы
Отбасында 4 адам болған. Үйленген.
Тәркілеуге дейін 2 тұрақты, 2 жалдамалы жанұя ұстаған. Азғыр және Бөкей уезіне белгілі бай. Жергілікті кеңес билігіне ықпалы күшті
350 бас ұстаған. 275 жылқысы, 900 сиыры, 1200 қойы, 90 түйесі, 2 күймелі арба, 2 жақсы жабдықталған жер үйі болған.
Тәркілену санаты - 1 топ.
Тәркіленуші Алма-Аты округіне жер аударылды.