- Болдиянов Бомаш, 53 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 24, 86 бет, іс 19, 6 бет, іс 71, 4 бет, іс 162;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 4, бума 1, 116 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
1928 жылы тәркіленген.
Орал округі, Азғыр ауданы, Шалқар ауылының тұрғыны болған.
Отбасында 9 адам болған. Мал шаруашылығымен айналысады. 3 тұрақты, 2 жалдамалы отбасы жұмыс істейді. Ауылдастары ортасында сыйлы, беделді. Жергілікті кеңеске ықпалы өктем. 80-жылқысы, 500-сиыры, 700-қойы, 15-түйесі, 2 күймелі арба, 1 жақсы жабдықталған жер үйі болған.
1 топ бойынша тәркіленіп, Алма-Аты округіне көшірілген