- Алғазиев Бектілеу, 52 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 24, 86 бет, іс 19, 7 бет, іс 71, іс 72;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 4, бума 1, 448 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
1928 жылы тәркіленген
Орал округі, Азғыр ауданы, Шалқар ауылында тұрған
Отбасында 5 адам бар. Ұлы Абдырахман. Үйленген. Екі әйелі бар
Тәркілеуге дейін Нарын және 1-ші Теңіз округінің билеушісі болған. Өңірдің аса қауіпті адамы. Кеңеске қарсы ұйымдастырушы ретінде көрсетілген. 130-жылқысы, 250-сиыры, 500-қойы, 70-түйесі, 2 күймелі арба, 2 жер үйі бар. 3 тұрақты жұмыс күші болған. 1 топ бойынша тәркіленіп, Алма-Аты округіне көшірілген.