- Омаров Латиф (лақап аты Соқыр), 45 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 19, 8 бет, 71 іс, 4 бет;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 4, бума 1, 83 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
1928 жылы тәркіленген
Мекенжайы:Орал округі, Азғыр ауданы, Шалқар ауылы
Үйленген. Малмен айналысады.
Өңірдің белсенді байы. Үштағанда өткен ауыл жиынында шу шығарып, кеңестік билікке қарсы шыққан. Әлеуметтік - қауіпті элемент деп көрсетілген.
Отырықшы шаруашылығында 103 бас мал ұстаған. 85 жылқысы, 300 сиыры, 400 қойы, 35 түйесі, 2 күймелі арба, 2 жақсы жабдықталған жер үй болған. 1 топ бойынша тәркіленген.