- Ғиылманов Рахым
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 19, 7 бет, іс 71, 4 бет, 256;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 4, бума 1, 395 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
1928 жылы тәркіленген.
Мекенжайы: Орал округі, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылы.
Тәркілеуге іліккен бай тұқымы. Патша тұсында ауыл болысы болған. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Өңірге өте ықпалды бай. 161 бас ұстаған. 100 жылқысы, 300 сиыры, 1000 қойы, 100 түйесі болған. 2 күймелі арба, 1 жер үй, 1 соқа, 1 косилка, 1 борон болған.
І топ бойынша тәркіленген.