- Жалмағамбетов Жоламан, 70 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, 140 бет, іс 1, іс 276;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 381 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №3 5/ІХ-1928 жыл.
№3 Хаттама бойынша тәркілеуге жататын байлар тізіміне қосылды, 1928 жылы тәркіленген
Мекенжайы:Орал округі, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылы. Тәркілеу тізімінде (газетте жарияланған З.Ш.) Жоламанов Жалмағанбет деп көрсетілгенмен, архив дерегінде ондай адамды кездестірмедік. Біз тапқан бір парақта Жалмағамбетов Жоламан деген кісіге меморандум толтырылған. Шамасы екеуі бір адам болар, тек аты-жөндері алмастырылғаны болмаса деп топшыладық. Бай тұқымы. Тәркілеуге дейінгі отырықшы шаруашылығы болған. Мал және егін шаруашылығымен айналысады. Кеңестік үкіметке қарсы үгіт ұйымдастырады деп саналады 50 жылқысы, 300 сиыры, 600 қойы, 25 түйесі, 25 десятин егістік жер, 2 күймелі арба, 1 жер үй, 1 соқа, 1 косилка, 1 борон болған. 1 топ бойынша тәркіленді.