- Сабыров Ғұмар, 35 жаста
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 24, 86 бет, 91 бет, іс 691;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 9, бума 2а, 371 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №8 28 қыркүйек 1928 жыл.
Шаруашылығын ағасы Сабыров Гусманмен қосып есептегенін айтып, салықты тек өз шаруашылығынан төлегенін көрсетіп тәркілеу мен жер аударуынан босатуды сұрап хат жазады. Бірақ ағасы Сабыров Гусманнан өтініш түспегендіктен, шаруашылықтарының бөлектігін дәлелдейтін құжаттың болмауына байланысты жергілікті комиссия өтінішін қанағаттандырмады.
1928 жылы тәркіленген.
Мекенжайы: Орал округі, Жаңақала ауданы
Үйленген, мамаандығы бойынша – орманшы, орта білімі бар, мал бағумен, жартылай егіншілікпен айналысады. Отырықшы.
Отбасында 9 адам болған. Байларды қолдаушы. Кеңес үкіметіне қырын көзқарастағы кісі деп көрсетілген. 70 жылқысы, 93 ірі қара, 15 түйесі, 300 қой-ешкісі болған. Бес тұрақты, екі маусымдық жалдамалы жұмысшылары бар.
Тәркіленуші 1 категория бойынша Алма-Аты округіне көшірілген.