- Сыйықов Мағаз, 39 жаста, руы Беріш бесқасқа бөлімі
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 24, 86 бет, 91 бет, іс 754;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 9, бума 2а, 1 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №3 5/ІХ-1928 жыл.
№3 Хаттама бойынша тәркілеуге жататын байлар тізіміне қосылды.
1928 жылы тәркіленген
Мекенжайы: Орал округі, Жаңақала ауданы, Бекетай ауылы
Революцияға дейін де мал шаруашылығымен айналысқан.
Отбасында 6 адам болған. Глининскіде ақтарды қорғаған, малын берген. Өңірдегі ықпалды бай тұқымы. 25 жылқысы, 300 сиыры, 750 қойы, 30 түйесі болған. 5 тұрақты, 2 маусымдық жалдамалы жұмысшылары болған. Ірі бай ретінде сайлау құқығынан айырылған.
1 категория бойынша тәркіленіп, Алма-Аты округіне көшірілген.