- Шәңгереев Жүсіпқали, 50 жаста, Төре тұқымы
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 19, 6 бет, іс 892;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 183 бет
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
Мекенжайы: Орал округі, Сламихин ауданы, Жаманша ауылы.
Патша тұсында аудармашы болған. Округтің Бөкей, Нарын, Қалмақ және Торғын болыстықтарында түрлі шенеулік қызметтер жасаған. Жергілікті билікке ұмтылушы үстем тап, төре тұқымы. Бірнеше жыл болыс болған. 1916 жылы казактарды белсенді қабылдаушысы (наборщик), Анненковшы болған деп көрсетілген.
Отырықшы шаруашылығы болған. 50 жылқы, 200 сиыр, 300 қой, 20 түйе ұстаған. 2 күймелі арба, 1 жер үй, 3 фургон, 2 косилкасы болған.
1 топ бойынша тәркіленді.