- Жүсіпов Жантай
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 24, 30 бет, 86 бет, іс 19, 3 бет, іс 916;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, сақтау бірлігі 7; Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 175 бет
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
Мекенжайы: Орал округі, Орда ауданы,Шонғай ауылы.
Үйленген. Әйелі - Жібек
Сауатты. Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген. Патша тұсында Торғын болысының билеушісі болды. Ордадағы жиындарда жер және мүлікті қорғап қарсылық көрсеткен аса қауіпті адам.Алашордашы. Білімі бойынша мұғалім. Оралдық домзакта қамауда ұсталды. Ауылдың советизациялануына кедергі жасап жүрді. Дауыс беру құқынан айырылған. Ақгвардияшыл болған.
120 жылқы, 100 сиыр, 300 қой, 30 түйе ұстаған.
26 ірі жылқы, 4 құнан, 15 тай, 18 құлын; 3 ірі түйе, 2 құнажын, 1 тайлақ; 6 ірі сиыр, 2 құнажын, 2 тайөгіз, 5 бұзау; 143 қой, 7 ешкі, 1 тарантас, 3 арба, 2 шана, 1 киіз үй (кибитка), 2 үй тәркіленген. Тәркіленген малдан ауылшаруашылығының салық ережесімен 5 жылқы, 2 құнан, 25 қой сатылды.
1 топ бойынша тәркіленді, № 6431-25/1X қоныс аудару куәлігі берілген
Алма-Аты округіне көшірілді.