- Бөкейханов Мұхамбет, 40 жаста, Төре тұқымы
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 142 бет, іс 24, 86 бет, іс 19, 2 бет, іс 245;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, сақтау бірлігі 2, бума 1, 158 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №7 26 қыркүйек 1928 жыл.
Мекенжайы: Орал окрігі, Орда ауданы, Шонғай ауылы
Кәмпескелеу мен жер аударудан босатуды өтініп екі өтініш жазады. Өтініші Комиссия отырысында қаралып, мал мүлкі 1 және 2 топқа сай келгендіктен қанағаттандырылмайды.
Отырықшы шаруашылығы болған, 370 сиыр, 500 қой ұстаған.
30 жылқы, 1 құнажын, 15 тай, 19 құлын; 5 ірі түйе, 3 тайлақ, 1 бота; 15 ірі сиыр, 7 тайөгіз, 12 бұзау, 287 қой, 10 ешкі; 2 киіз үй (кибитка), 2 үй; 3 кілем, 2 киіз (кошма), 2 тарантас, 2 арба, 5 шана, 1 жнейка, 1 лабогрейка, 1 веялка, 1 борон тәркіленді. Ауылшаруашылық салығын өтеу үшін тәркіленген малдан 2 бие құлынымен, 1 сиыр, 36 қой сатылды.
Сауатты. Кеңес үкіметінің қас жауы. Ел ішінде үгіт-насихат жүргізеді. Дауыс беру құқынан айырылған
1-топ бойынша тәркіленді.