- Көбеев Абдулғазиз, 63 жаста, руы Алаша
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 24, 86 бет, 91 бет, іс 510;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 419 бет;
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
Мекенжайы: Орал округі, Талов ауданы, Бірік ауылы
Отбасында 8 адам болған. 3 әйелі бар. Жоғары діни білімі бар. Мал және егін шаруашылығымен айналысады. Шаруашылық түрі – отырықшы. 1891 жылға дейін медреседе оқыған, 1895 жылға дейін ишан Галикиевтен ілім алған, кейін 1901 жылға дейін Мәскеу қаласында жоғары діни білім алады, 1902-1917 жылдар аралығында Бірлік аулында жеке медресесінде діни ұстаз болған. Онда жылына 20-30 шәкірт оқытқан. Сонымен қоса 100 мүриді бар ишан болған. Азамат соғысы кезінде бейтарап болған. 1923 жылы Талов уездінің мұхтасибі болып сайланды. 1928 жылы 69 статья бойынша бойынша «Аязбаев» бандиттеріне қатысы бар деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін көп әйел алғандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 3 жылқы, 10 түйе, 100 ірі қара, 200 қой, 2 күймелі арба, 2 жер үй, 2 мешіт, 2 соқа, 1 косилка, 3 борон, 2 тұрақты, 3 маусымды жұмыс күшін ұстайды.
1-топ бойынша тәркіленді.
Алма-Аты округіне көшірілді.