- Әжібаев Мұқан (Шоқан), 65 жаста, руы Алаша, бөлімі Барамық, Есенаман
Архив дереккөзі:ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ, 86Қор – 135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, 19бет, іс 6, 71 бет, 37 бет.
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 288 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №3 5/ІХ-1928 жыл.
№3 Хаттама бойынша тәркілеуге жататын байлар тізіміне қосылды
Орал округі, Қаратөбе ауданы, №3 ауыл тұрған.
Отбасында 7 адам болған, 3 әйелі бар. Мал және егін шаруашылығымен айналысады.
Оның 15 жылқысы, 30 сиыры, 395 қойы, 6 түйесі, 1/2 шабындық шабындық жер, 1 күймелі арба, 2 жер үйі болған. 2 тұрақты жанұя қызмет етеді.
1-топ бойынша тәркіленді.
Алма-Аты округіне көшірілген
Сауатты. Кеңес үкіметіне жаны қас бай тұқымы болған.