- Құдайбергенов Нағым, 65 жаста, руы Алаша
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 145 бет;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 309 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №7 26 қыркүйек 1928 жыл.
Мекенжайы:Орал округі, Жаңақала ауданы
Баласы Худайбергенов Кабир.
№7 Хаттама бойынша әкесі Құдайбергеновты декрет бойынша екі топқа да жатпауына байланысты тәркілеу мен жер аударудан босатуды өтінген сұранысы қанағаттардырылмады.
Ауыл төрағасы Ихсанов пен аудан өкілі Жұбанышқалиевке халықты қарсы қоюшы бай тұқымы ретінде көрсетілген. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.
10 жылқы, 100 сиыр, 300 қой, 3 түйе ұстаған. 2 соқа, 2 косилка, 3 борон, 3 шана, 1 жер үй, 1 мешіт, 3 тұрақты, 4 маусымды жұмыс күші бар.
- 2 топ бойынша тәркіленді.