- Сүйіншәлиев Махмуд, 54 жаста
Архив дереккөзі:ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 142 бет, іс 24, 86 бет, іс 19, 2 бет;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 208 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №3 5/ІХ-1928 жыл.
№3 Хаттама бойынша тәркілеуге жататын байлар тізіміне қосылды.
Мекенжайы:Орал округі, Жымпиты ауданы, Шалқар ауылы
Отбасында 9 адам. 3 әйелі бар.
Жергілікті ишан. 500-дей шәкірті бар. Діни қызметі үшін жылына 1 500 рубльдей пайда түсіреді. Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізеді
10 жылқысы, 90 сиыры, 200 қойы, 5 түйесі болған. 1 мешіт, 1 жер үй, 2 тұрақты, 2 маусымды жұмыс күшін пайдаланады.
2 топ бойынша тәркіленді.
Алма-Ата округіне көшірілді.