- Тілеубергенов Серғазы
Архив дереккөзі:ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 24, 86 бет, іс 19, 2 бет;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, сақтау бірлігі 2; Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 209 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
Мекенжайы:Орал округі, Орда ауданы, Жиекқұм ауылы
Отбасында 9 адам болған.
Діни сауатты. Патша тұсында түрлі әкімшілік қызметтер атқарған. Өңірде белсенді, беделді. 40 жылқысы, 60 сиыры, 200 қойы, 15 түйесі болған. 12 ірі жылқы, 2 құнажын, 6 тай, 9 құлын, 11 ірі түйе, 1 құнажын, 5 тайлақ, 3 бота, 31 ірі сиыр, 3 құнажын, 17 тайөгіз, 32 бұзау, 107 қой, 49 ешкі, 1 киіз үй (Кибитка), 2 сиыр, 2 арба, 1 веялка, 1 землянка, 2 жазғы шалаш, 2 күміс белбеу тәркіленді.
2 топ бойынша тәркіленіп, Алма-Аты округіне көшірілді.