- Қаратаев Арон, 56 жаста, төре тұқымы
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 142 бет, іс 24, 86 бет, іс 19, 2 бет, іс 440;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 33 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
БҚО мемлектеттік архиві 992 қор 1 тізбе 1 іс Хаттама №7 26 қыркүйек 1928 жыл.
№7 Хаттама бойынша Қаратаев Аронды 2 топ бойынша кәмпескеленушілер қатарына қосу.
Мекенжайы: Орал округі, Шалқар ауданы, Қарашағыл ауылы.
Отбасында 4 адам болған.
Казталов, Тайпақ, Жымпиты, Шалқар өңірлеріне белгілі және беделді үстем тап өкілі. Монархиялық билікті жақтаушы. Дауыс беру құқынан айырылған
51 сиыры болған.
2 топ бойынша тәркіленген
Алма-Аты округіне көшірілген