- Баймұханов Ғұсман, 45 жаста, қазақ, руы Тана
Архив дереккөзі: ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ86 Қор -135, тізбе 1, іс 1, 140 бет, іс 24, 86 бет, іс 19, 7 бет, 144 іс;
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, сақтау бірлігі 2 (Орал окр Исполкомның ж. Залиевке п/уп Тюминнің хаттамасы бойынша);
БҚО мемлектеттік архиві Қор 992, тізім 1, іс 2, бума 1, 594 бет.
Орал округтік атқару комитетінің қаулысы
1928 інші жыл, қыркүйектің 20-сы.
КӘНПЕСКЕЛЕУ, ЖЕР АУДАРУ ТУРАЛЫ.
«Қызық Ту» газеті. №93(670). Бейсенбі 20 қыркүйек 1928 – жыл.
Орал округі, Тайпақ ауданының тұрғыны болған
Отбасында 2 адам болған
Сауатты. Патша тұсында хатшы, аудармашы, болыс болған. Алашордашыларға қолқанат еткен. Бүгінде сот тергеуінде жүр деп көрсетілген. Мал-егін шаруашылығымен айналысқан. Отырықшы шаруашылық. 70 ірі қара, 100 қойы, 1 күймелі арба, 1 жер үй болған. 40 сиыры, 100 қойы, 10 жылқысы, 2 түйесі болғанын жазып, барлығында да жасырылған малы барын ескерткен.
2 топ бойынша тәркіленген.
Алма-Аты округіне көшірілді.