- Нармагамбетов Кабиш
Архив дереккөзі: «БҚО-ның мемлекеттік архиві» КММ, Қор 992, тізім 1, сақтау бірлігі 2 (Райкосмисся төрағасы Джумагалиев және хатшы Даулетовтың тәркілеу бойынша комиссия Окрисполкомға жазған хатынан)
Мекенжайы: Орал округі, Зауральный ауданы
Отбасында 15 адам. Хайрулла, Жусуб, Закария – ұлдары.
17-18 қазан 1928 жылы Нармагамбетовтер жанұясының 12 адамы тұрған жерінен мәжбүрлеп шығарылыған кезеңде Хайрулла, Жусуб, Закария 3 ұлы орында болмаған, алғашқысы ГПУмен ұсталып, екеуі табылмаған. Тәркіленушілер Тұзтөбе жаққа аттанған. Окрисполком тәркіленушілерге куәліктерін беріп, 1 қарашаға дейін Алматыға келісімен Окрисполкомда тіркеуден өтуді ескерткен.