Абдишев Керей, 1906 жылы Орынбор облысы Ақбулат ауданының Қара бұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, қызметі – Гурьев аймақтық атқару комитетінің төрағасы. Алашорданы қолдаушы, Алашорда жетекшілерімен тығыз байланыста болған. Тұтқындалған кезде БҚО Орал қаласында тұрған. 1937 жылы 15 желтоқсанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғары Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 24 мамырда іс қылмыс құрамының жоқтығына орай тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві №П-983 іс).
Абдишев Керей
- Аты-жөні: Абдишев Керей
- Туған жері: Орынбор облысы Ақбулат ауданының Қара бұлақ ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ