Даутов Ерғали Дауытұлы 1867 жылы БҚО Жымпиты ауданының Көздіқара ауылында дүниеге келген. Қазақ, бай, бұрын сотталмаған, Батыс Алашорда мүшесі. 1937 жылы 7 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 20 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 5-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1989 жылы 26 сәуірде БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары, БҚО ПД архиві Қуанай Қосдәулетов ісінде №П-2451 ісі).
Даутов Ерғали Дауытұлы
- Аты-жөні: Даутов Ерғали Дауытұлы
- Туған жері: БҚО Жымпиты ауданының Көздіқара ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ